Басты бет > Хабар > Жас кәсіпкер – іс бастаса, ел игілігіне! «Кәсіпкерден 10 кеңес»

Жас кәсіпкер – іс бастаса, ел игілігіне! «Кәсіпкерден 10 кеңес»

    Халық айтса, қалт айтпайды. Әрбір істің өз берекесі бар. Сол берекені өз еңбегімен тауып, мерекелі өмірде күн кешіп отырған кәсіпкерлерде бар.     Кәсіп түбі – нәсіп дейміз, ия албырт еліміздің арлан жастары да кәсіппен айналасып, ел экономикасын көтеруге өз септіктерін тигізіп жүр. Жас келсе іске дейміз! Жастықтың жалындаған уақытын құр босқа өткізбей, ел игілігі үшін қызмет еткен дұрыс! Осы ұранды ұстанып, жастай еңбек атты елге жолдама алып үлгерген жас кәсіпкерлердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы – Сапархан Серікті айтуға болады. Ол 16 жасынан бастап Картинки по запросу жас кәсіпкермектеп қабырғасында жүріп, өз бизнесін ашуды көздеп, жоспар құрған. Техникаға әуесі бар болғандықтан, кәдеуілгі балға мен құрылыс материалдарына көңіл бөлген. «Қысқышты қалай жасайды? Балға қайдан келді? Шегені жіңішке қылып қалай істейді? Мына темірлер арқылы үлкен үйлерді тұрғызуға болады ма?» деген ой тыпыршытып маза бермеген. Ізденісте жүрген кезінде еңбек пәнінің мұғалімі өз ақыл кеңесін беріп, кәсіпкерлікке жол сілтейді. Бір шешімге келген Серік, кәсіпкер болуды армандайды. Бүгінде өз кәсібін ашып, адал еңбегінің нанын жеп отырған  кейіпкеріміз «Кәсіпкерден 10 кеңес» атты байқауға – кәсіпкер ретінде сұхбат беруге келісіп, басынан өткен жағдайларды баяндауды жөн санады.

Похожее изображение
Сапархан Серік сол жағында

– Мен, Сапархан Серік Төлеби ауданы Ленгер қаласында 1993 жылы дүниеге келдім. Ауданда түрлі сайыстарға қатысып, мектепшілік жарыстарға барып жүлделі орындардан көрініп жүрдім. Өзім спортты жақсы көремін. Оның ішінде каратэге бейімделіп, аудан намысын қорғап жүретінмін. Қазірде спорттан алшақ кеткен емеспін, жаттығуларға барып, өзім үшін айналысып жүрген жайым бар. Ия, мен спортқа кетіп чемпион болуды армандамадым. Кім біледі? Мүмкін олда болар ма еді? дегенмен кәсіпкер болғаныма еш өкінбеймін! Бұл менің үлкен жолға түсіп, отбасымды асырауға кепілдік берген жалғыз мамандық. Мамандықты таңдауда өте абай әрі, сақ болу керек! Үйткені «карьера» сені жетістікке жеткізіп, барынша материалдық, рухани болсын – бай болуға өз септігін тигізеді. Құдайға шүкір ешкімге қол жайып, нан сұрап отырғаным жоқ. Отбасым бар, ата-анам қасымда, бауырларымды аяқтандырдым 1 ұл, 1қызым бар. Бұдан артық не қажет? Кәсіп –  өте ауыр сала. Мұнда ұтыста, ұтыслыста болады. Ұтылыстың ащы дәмін сезінгендер ғана ұтыстың балдай тәтті дәмін елестете алады. Ауырдың асты мен жеңілдің үстімен жүруге болмайды, барлығын көру керек білу керек. Өзіңе пайдаласын ұғынуың қажет. Сонда ғана бір істің басын ашып, оны соңына дейін жеткізуге болатындығын білесің! Өзім мектеп кезінен армандағанмын, арманым орындалды. Өз ұстаханам бар, онда 3 қызмкеткерім жұмыс жасайды, айлықтарын уақытылы беріп тұрамын, біздің өнімдеріміз көбінесе өзіміздің Шымкент пен Сайрам, Түлкібас, Ордабасыға қарай жөнелтіледі. Балға, балта, құрылыс материалдарына қажетті майда-шүйда заттарды шығарамыз. Тапсырыстарды да қабылдаймыз. Кәсіпкерліктің 3 айлық курсын «Даму» орталығында бітіргенмін. Осы орталыққа көп рахмет, білмегендерімді сұрап, жақсы сабақтар алдым. Өте тәжірбиелі мамандар қаражаттың жұмсалуын, өнімінің аймақтарға таратылуынан үлкен дәрістер береді. Ісін бастаймын деп жүрген кәсіпкерлерге осы орталыққа барып, тіркеліп, дәріс алғаны жақсы.  

Картинки по запросу ұстахана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серік уақыт тауып, өз кәсібіңіз жайында сұхбат бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Кәсіпкерден 10» кеңес байқауында өзіңіздің берген сұхбатыңызды «MediaON.kz» ақпараттық сайты атынан мен ұсынатын боламын. Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт және ісіңізге тек ғана сәттіліктер тілеймін!

Картинки по запросу ұстахана

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.