Басты бет > Жастар > ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЖОБАМЕН ТОЛЫҚТЫ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЖОБАМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «Жас МЕДИА» жас журналистер мектебінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр кез жастармен кездесуінде – «ХХІ ғасыр – әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін талантты жастардың ғасыры», – деп айтса, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының саны жағынан еліміздің көш басында 800 мыңға жуық жасымен ерекшеленіп тұр.

Жастары жан-жақты өлкеде 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында еліміздегі ең айтулы, республикалық «Менің елім» бағдарламасы аясында аймақтардағы жастар арасында журналистика саласын дамытуға бағытталған «Қазақстан жастар Конгресінің» «Zhas MEDIA» жобасы бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Өткен 4 күн бойы жастарымыз мақала жазу, сұхбат алу, камера алдында сөйлеу, сюжет дайындау сынды дүниелерді медиа-тренер Санди Сұлтан мен Гүлназ Ауданбаевадан үйренген болатын. Соның аясында бүгін орталық қатысушыларға одан әрі қарай да қолдау көрсетіп, өзге де журналистерге мүмкіндіктер ашу мақсатында жас журналистер мектебін ашты.

Бүгінгі таңда, жастар түрлі салалар мен түрлі бағыттарда жан-жақты дамып келеді. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жуырда ғана жастардың қызығушылығын назарға ала отырып, «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі және «Көшбасшылар мектебімен» толыққан болатын. Енді жас журналистер де осы орталықтан табылмақ. Бұл сәт – жас журналистеріміз үшін айтулы, орталық үшін тарихи сәт. Бүгіннен бастап «Жас МЕДИА» жас журналистер мектебі өз жұмысын бастайды. Енді, кез-келген жас орталыққа келіп, журналистер мектебіне мүше болып, өзін сол салада дамыта алады.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: семинар-тренингтер арқылы сабақтар алады, жетекшінің көмегімен сюжет дайындап, мақала жазады және өңірдегі телеарналар мен баспа үйлерінде іс-тәжірбиеден өтіп, жұмысқа орналасады.

Салтанатты шараға «Zhas MEDIA» жобасының медиа-тренері, «SS LAB» телелабаратоиясының құрылтайшысы, тележүргізуші Санди Сұлтан, «Zhas MEDIA» жобасының медиа-тренері, «Евразия» телеарнасының журналисті Гүлназ Ауданбаева, «Zhas MEDIA» жас журналистерді қолдауға бағытталған жоба жетекшісі Сыздықова Аида Аманқызы, ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нарбекова Балмаржан Полатқызы, танымал блогер, журналист, медиа-тренер, сарапшы Өркен Кенжебек және жас журналистер мен студент жастар қатысты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.