Басты бет > Спорт > ЖАСТАР ЖИТС ПЕН ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

ЖАСТАР ЖИТС ПЕН ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

62
views

Тақырыбы: «Жастар ЖИТС пен есірткіге қарсы»

Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа зиян келтіретін шылым, есірткі, ішімдік сияқты жат қылықтардан аулақ болуға, жеке бастың гигиенасын сақтауға, ұқыптылыққа, әдептілікке, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жоспары: 1. ЖИТС-тің шығу тарихы

  1. АҚТҚ ЖҚТБ дегеніміз не?
  2. Дәрігерге сұрақ беру.
  3. Слайд көрсету
  4. Сергіту сәті
  5. Ситуациялық сұрақ
  6. Қорытындылау

Мұғалім: «Жаман әдеттер – жұқпалы аурудай» сол жаман әдет-қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс» — дегендей өзімізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білеміз. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шаруаларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби «жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», — деген екен. Олай болса біздің болашағымыз неге байланысты.

1-оқушы: ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ағзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру.

ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық өсиеттерін жан-жақты тексеріп жариялайды.

СПИД вирусы химиялық немесе физикалық әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Әдеттегі медициналық тәжірибеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т.б. дезинфекциялық заттар СПИД вирустарын оп-оңай жоқ қылдырады.

2-оқушы: Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1934 жылдары француз ғалымы Люк Монтанье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун тапшылығының вирусы»деген ат берді.

СПИД 1950 жылы Африка аумағында белгі беріпті. Содан жылжып 1970 жылы Америкаға жетті». Құлақ естігенді, көз көреді» деген, көп күттірмей Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, ОҚО, Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.

Осыған орай 1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізуді бастады.

Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әр түрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. Қазіргі таңға дейін бұл аурудан толықтай айықтыратын дәрі дәрмек табылмай отыр.

Адамның қорғаныс тапшылығы қоздырғышы мынадай жағдайларда жұғады:

  1. Осы аурумен ауырған адамның донордың қанын құйғанда, мүшелер мен ұлпаларын салғанда.
  2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен шприцтерді бірге қолданғанда.
  3. Медициналық монипуляциялық кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
  4. Жыныстық қатынас арқылы.

Мынадай жағдайда жұқпайды

— Қол алысып, құшақтасқанда

— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан

— Төсек жабдықтары мен киімнен

— Су мен ауадан

— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан

— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан

— Жәндіктердің шағуынан

— Моншада, саунада, бассейінде

— Бой жазу және т.б.

Содан соң қандай жағдайда зақымданғанын, ол ауру қалай асқынды? Оның алғашқы белгілері қандай деген сұрақтар туындайды.

Адамның қорғаныс тапшылығы қоздырғышы – жұқтырып алған жағдайда оның сыртқы келбетінен біле алмайсыз. Оны қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады.

Бұл ауру жұқпасы баяу өтетін, созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай 5-7 жыл ішінде білінеді. Оның алғашқы белгілері: шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндері ұлғаюы. Бұл жұқтырған қорғаныс тапшылығы белгілі бола бастағанын білдірмейді, алайда арнайы емделмесе жұқпалы ауру әрі қарай дамып ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар бар.

  1. Дәрігерге:
  2. ЖҚТБ синдромдары қандай болады?

ЖҚТБ мен ауырған адамды сипаттайтын симптомдар:

— лимфа түйіндерінің көбеюі

— құрғақ жөтелдің болуы;

— шаршағандық, қажығандық;

— жиі-жиі іш өтуі;

— күнделікті теріден терінің көп бөлінуі;

— тәбеттің соқпауы;

— дене салмағының ойламаған жерден тез төмендеп кетуі;

— теріде қызыл бөртпелердің пайда болуы;

— ойлау әрекетінің бұзылуы;

  1. ЖҚТБ ауруының алдын алуға бола ма?

Әзірге ЖҚТБ-ға пайдаланатын дәрі жоқ. Алайда ЖҚТБ-ға душар ете алатын көптеген ауруларды емдеу әдістері бар. Ең кең тараған дәрілік препараттар-азитомидин, дидеоаксинозин, олар ЖҚТБ-ның тежеп дамуына кедергі жасайды. Алайда бұл дәрілер барлық елдерде жеткілікті емес.

  1. АҚТҚ ағзаға қалай әсер етеді?

Вирус шабуылдайтын негізгі жасушалар Т ретінде немесе жәрдемші жасушалар ретінде мәлім. Жәрдемші жасушалар – қанның ақ денешіктері, олар ауру ұшыратуға бейім сырттан енгендерден ағзаны қорғайтын алғашқы шөптің бірі болып табылады. Вирус әсіресе СД ретінде мәлім, протейіні бар жасушалар бөлігіне тартылады.

  1. ЖҚТБ тудыратын вирус АҚТҚ қалай жұғады?

Вирустың мынадай жолдары арқалы жұғатыны қазір нақтылы анықталды:

— инфекция жұқтырушы қанына жанасу арқылы;

— инфекция жұқтырушының жыныс мүшелерінен бөлінетін ұрық сұйықтығы және қынаптан бөлінетін сұйыққа жанасу арқылы;

— анадан ұрыққа қағанақ арқылы;

— бала туған кезде анасының қаны арқылы;

— баланы емізу арқылы;

3-оқушы: Қазіргі уақытта медицина ғылымының дамуына байланысты көптеген аурудың алдын ала егетін вакцинасы, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі оның емінің табылмай отырғандығында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан да әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дертке қайғыға шалдықпай алдын алады. Денсаулық тәрбиесі ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. Жер үстіндегі байлық – адам оның білімімен іскерлігі, таланты мен мәдениеті денсаулығы қоршаған ортамен дос жолдасына байланысты». Сау дене,азат ақыл,адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей дені сау, құрыш білекті салауатты өмір салтын ұстанған көк байрақты отанымыздың азаматы болып өсе берейік.

Ситуациялық жағдай:

  1. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет.Сіз не істейсіз?
  2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте келе оның СПИД-пен ауыратынын естідің? Ол баламен қарым-қатынасыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
  3. Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша беремін» десе не істер едің?

Жалынды жастар үні:

4-оқушы:

Салауатты мақсатың өмір сүру

Өмірдің мағынасын керек білу.

Шылым мен нашақорлық сенің жауың,

Пайдалы сол — бұл жолдан аулақ болу

5-оқушы:

Алдыға бастар армандар,

Жаманға көзді салмаңдар.

Ішімдік, наша қолданып,

Ел-жұртқа мазақ болмаңдар.

Араққа салып ауыздық,

Іштері күйіп шоқ болсын.

Дүниедегі жемқор, жауыздық

Өмірден өтіп жоқ болсын!

  1. Ақмарал:

«Болашақты ойлаңдар!»

Ішімдікті ішпеңдер,

Жаман жолға түспеңдер.

Болашақты ойлаңдар.

Келешекті қорғаңдар,

Өлген гүлдей майыспай,

Елге тіреу болыңдар.

Қабырғаңыз қайыспай,

СПИД-ке қарсы тұрыңдар

  1. Умиджан:

Сүйкімді, ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі.

Шылымға үйір болма,түсін соны

Ешқашан сұрқың кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты

Шылым мен нашақорлық болсын жауың

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр салтын.

  1. Ұлдана:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар!

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.

Айгуль Жаналиевна БУЙМАХАНОВА,

№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің биология пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *