Басты бет > Хабар > ЖАСТАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта “Брейн-ринг” зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету болып табылады.
6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді. Озық ойлы жастар бәсеке барысында білгірліктерін байқатты.
Зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.
Брейн-ринг қорытындысымен 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің “Энергетик” командасы, 2-орынды “Мирас” колледжінің “Мирас” командасы, 3-орынды “Жеңіл өнеркәсіп және сервис” колледжінің ” Адал ұрпақ” командасы иеленді.
Жеңімпаздар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін Форумда марапатталатын болады.