Басты бет > Хабар > Жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін мемлекет қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін мемлекет қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Похожее изображение«Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу мақсаты қойылды. Дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі – 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес үлесін 50%-ға жеткізу. Елбасы әрбір маңызды басқосуда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде айтып, тиісті тапсырманы беріп те жатыр. Осыған орай, мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкер­лікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерге біршама қолдау бар. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін отандық өнімдеріміз барлық жағынан талапқа сай болуы қажет. Ол үшін отандық кәсіпкерді, оның ішінде жас кәсіпкерді кешенді түрде барынша қолдау керек. Жас кәсіпкер – ертеңгі аяғынан тұрған, әлеуеті күшті, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін кәсіпкер қалыптастырушы орта. Өткен жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық жастар форумында 7 пікірсайыс алаңының бірі нақ осы жастар кәсіпкерлігі мәселесіне арналды. Дегенмен бұлай тоқмейілсуге де болмайды.  Похожее изображение Бір нәрсе анық, ол – ең негізгі міндет ретінде жастар кәсіпкерлігін дамыту және жас кәсіпкерлерге жеке бизнесін қалыптастыруға және шағын бизнесте өзіне жұмыс табу үшін мүмкіндік беру қажет. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге қолдаудың көрсетіліп жатқанын айтады, ал жас кәсіпкерлер қолдаудың жеткіліксіз екендігін алға тартып келеді. Менің ойымша бұл үнемі жүретін күрес. Мемлекеттік қолдау бар, бірақ шектеулі, талаптары қатаң, жас кәсіпкерлерге қолжетімді емес. Жас кәсіпкерлердің мемлекет жасап отырған қолдаулардан алып отырған үлесі мүлде төмен. Егер жастар кәсіпкерлігін қолдау барынша кешенді түрде жүргізілсе, жұмсалған әрбір теңге еліміздің экономикасы үшін салық пен түсім ретінде 2-3 теңге болып қайтады деп ойлаймын. Еліміздегі әлеуетті кәсіпкер 25-34 жас шамасындағы азаматтардан құралғанын ескерсек, әлбетте жастар кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын талап етеді. Еліміздің кәсіпкерлік саласы көбінде шағын субъектілерден тұрады, яғни кәсіпкерліктің 83,4%-ы – заңды тұлғалар ретінде құрылмаған жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтары. Алайда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көптігіне қарамастан, ел экономикасына негізгі үлесті ірі заңды тұлғалар қосады. Ірі кәсіпорындар санаулы ғана, барлық субъектінің небәрі 0,2%-ы. Оның үстіне шағын кәсіпкерлік көбіне сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласында болғандықтан мемлекеттік қолдауды алмайды десек те болады. Олай болса мемлекеттік қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталуы керек. Әр азамат өзі үшін кәсібін ашып жұмыс істейді, бірақ жетістікке жеткенде елімен мақтанатынын ескерген жөн.

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.