Басты бет > Жастар > Жастардың ортақ алаңы — «ЖАСТАР ОНЛАЙН»

Жастардың ортақ алаңы — «ЖАСТАР ОНЛАЙН»

10
views

Жастардың бүгінгі ермегі мен еңбегі ғаламтор болған заманда ақпарат тарату мүмкіндіктері мен бағыттары да күн сайын өзгеріп, дамып келе жатыр.
Жуырда облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен түркістандық жастар үшін арнайы «ЖАСТАР ОНЛАЙН» жастардың телевизиялық жобасы көрермен назарына ұсынылмақ.
Жобаның мақсаты: жастарға қатысты жобалар мен қажетті ақпараттарды тиісті сала өкілдері мен тәжірбиелі мамандар арқылы толық таныстырып, сұхбат алаңын құру, сол арқылы жастардың саяси сауаттылығын арттыру, ақпараттандырып, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беру, көкейдегі мәселелерін қарап, сұрақтарына кеңінен жауап беру.
Жоба 24 бағдарламадан тұрады. Ондағы қаралатын тақырыптар негізі: «Жастардың белсенділігі мен жастар ұйымдарының жұмысы», «Мамандық таңдау — маңызды қадам», «Өңірдегі волонтерлік желінің даму қарқыны мен болашағы», «Жайдармандағы жалынды жастық шақ», «Қазақстандағы жастардың шет елде білім алу мүмкіндіктері мен арнайы бағдарламалар», «ЖАС МЕДИА» жастар жобасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Жас режиссерлар мен актерлардың бүгіні мен болашағы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Әлеуметтік жобалар», Мемлекеттік жастар саясаты, Жастар бизнес жобалары мен жас кәсіпкерлердің мүмкіндіктері, «Жастар тәрбиесі кеше, бүгін, ертең», «Бизнес саласында өз брендің қалыптастыру», «Қазақстан халықтарының достығы мен татулығының құпиялары», «Жас кәсіпер» бағдарламасы, «ДАМУ» жастардың дамуына қандай үлес қоса алады?», «Салауатты өмір салтын жастар қалай ұстануда?», «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» — «Серпін -2050» әлуметтік жобасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Дипломмен – ауылға» жұмыспен қамту бағдарламасы, психология бойынша бағыт бағдар, Медиация, «Ақпараттық технологиялар заманында» тақырыптар бойынша.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *