Басты бет > Қоғам > Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған отбасы ұсталды

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған отбасы ұсталды

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған отбасы ұсталды

Қазақстандық шекарашылар Ұлыбританияның жалған төлқұжатын ұсынған отбасын ұстады. Олар Ауғанстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған отбасы Украина арқылы Венаға өтпек болады. «Алматы» өткізу пунктінің қызметкерлері «Алматы-Киев» әуе рейсін ресімдеу кезінде Ауғанстан азаматшасының жалған құжат ұсынғандығын анықтайды. Азаматша Ұлыбритания төлқұжатын иемденген, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Төлқұжат бақылауы тереңірек тексергеннен кейін үш төлқұжаттың, оның ішінде азаматшаның екі баласының да құжаттары жалған екенін анықтайды.

Өзара әрекет етуші органдар ақпараттандырылып, төлқұжаттар тартып алынды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.