Басты бет > Мәдениет > ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРДІ БӨЛУ ТАҚЫРЫБЫНА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРДІ БӨЛУ ТАҚЫРЫБЫНА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

120
views

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу тақырыбына есептер шығару (5-сынып).

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі

Жай бөлшектерді бөлу тақырыбына есептер шығару дағдысын қалыптастыру

ә) дамытушылығы

Ойлау қабілеттерін дамыта отырып есептер шығару. Алған білімдерін іс-жүзінде дамытуға үйрету.

б) тәрбиелілігі

Оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп, қоғамдағы жаңалықтармен байланыстыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі.

Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Слайд түрінде. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.

 

Жоспар

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа дайындығын, оқу-құралдарын тексеру.

ә) Слайдтың бетіндегі шаршыларға жазылған нөмірлер бойынша жай бөлшектерді көбейту, бөлу тақырыбын тұжырымдайды.

  1. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
  2. Бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
  3. Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріп беріңдер?
  4. Аралас санды аралас санға бөлу қалай орындалады?
  5. Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндіріп бер?
  6. Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?

г) Сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:

1) 1 : 1/5 ?

2) 6 : 1/11 ?

3) 1 (7/8) : 4 (1/6) ?

4) 5 (5/14) : 2 (1/7) ?

5) 6 (2/3) : 2 (7/9) ?

6) (2/7 + 5/21) : 14/7 ?

7) (8/11 + 3/22) : 5/11 ?

8) 17/36 : (7/12 — 5/9) ?

в) Мақсат қою кезеңі: Тестті бірге шешейік.

1) 2/3 · 3/8

А) 1/4

В) 1/2

С) 2

 

2) 5/12 · 8/9

А) 5/9

В) 10/27

С) 8

 

3) 7/15 · 5/7

А) 2/5

В) 3/22

С) 1/3

 

4) 15/16 · 8/25

А) (2) / (5)

В) 3/10

С) 6

 

5) 1/3:1/9

А) 1/3

В) 9

С) 3

 

6) 3/8 : 1/2

А) 2

В) 1/4

С) 3/4

 

7) 2/7 : 3/7

А) 2/7

В) 2/3

С) 2

 

8) 31/5 : 22/15

А) 3

В) 7/5

С) 1/5

С) Логикалық жаттығу

1) Алманың жартысы неге ұқсайды?

Өзінің жартысына

2) 1/10 санының кері саны?

10

3) Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

12

4) Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

3

5) Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы қалады? (5)

е) Сабақты қорытындылап, баға қою, үйге тапсырма беру.

Оқулықтағы №441, №438 есептер беріледі.

Алматы «Мектеп» 2007. Әбілқасымова А., Бекбоев И., Абдиев А.

С.АБДУЛЛАЕВА,

№81 Т.Тәжібаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *