Басты бет > Қоғам > Жайдарман – Жайдарлы адамдарға арналған!

Жайдарман – Жайдарлы адамдарға арналған!

Облысымыздың әкімінің кубогі үшін Қазақстан жастары арасында “”Жастар ресурстық орталығы” кмм ұйымдастыруымен Республикалық жайдарман ойындары өтті. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы аясында ұйымдастырылған бұл шараға ОҚО журналистер Одағының төрайымы Қаппарова Айгүл, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы – Нарбекова Балмаржан, жастар арасында танымал РИО олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, “Нысана” әзіл-сықақ театрының актеры – Дәнекер Оразбай, белгілі журналист Әсет Әссанди, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға жиналған жастардың санында есеп болған жоқ.

Себебі тегін, Арнайы хабарландырулар әлеуметтік желілер мен қатар бірнеше ақпараттық агенттіктерінде жарияланды. Ойынға облысымыздың аудандары мен қатар Қызылорда, Арқалық, Талдықорған, Алматы, Шымкент қаласының үздік командалары қатысты. Нәтежиесінде 3 орын 100 мың теңгені Жетісай қаласы  “Алақай-Балақай”, 2 орын 200 мың теңгені Қызылорда “Қызылорда құрамасы”, 1 орын 300 мың теңге Шымкент “Байдың балалары” командасына бұйырды. Жалпы іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырушылар тарапынан жоғары деңгейде өткізілді.

 

Сағындық Жанысбаев

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.