Басты бет > Спорт > Е.САҒАДИЕВ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ЖҰМЫСТАН ЕРТЕ БОСАТУДЫ СҰРАДЫ

Е.САҒАДИЕВ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ЖҰМЫСТАН ЕРТЕ БОСАТУДЫ СҰРАДЫ

17
views

Оқушылардың ата-аналары мектептегі жиналысқа қатысуы тиіс. Сондықтан олар жұмыстан ерте жіберілуі керек.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, білім ошақтарындағы жиындарға 11 жылда мүлдем қатыспаған әке-шешелердің үлесі 40%-ға жеткен. «Осылайша бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі азайып барады», — деді ол. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: — Барлық мемлекеттік органнан, компания мен жеке сектордан ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұраймыз. Оқушылардың әке-шешелері мектептегі жиындарға қатысуы тиіс. Біз осы жылдың көктемінде жалпыға ортақ ата-ана сағатын белгілеп, ұлттық күн өткізуге бастама көтереміз.

24.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *