Басты бет > Қоғам > ЕСКІНІҢ САРҚЫНШАҒЫ ЖАҢАНЫҢ БӨЛШЕГІНЕ АЙНАЛСА

ЕСКІНІҢ САРҚЫНШАҒЫ ЖАҢАНЫҢ БӨЛШЕГІНЕ АЙНАЛСА

31
views

Адам баласы болған соң өмірде көп қиындықтарды бастан кешеміз. Кейде осы нәрсеге шамамыз жетпейді деп салымыз суға кететіні бар. Кей жағдайда ескі тәсілдер көмектеспей, жаңасы орынсыз болады. Тар шеңберден қалай шығуға болады? Оның шешімін бүгінгі заман өзі көрсетіп келеді. Тек көре білсек…

Италиялық психотерапевт Джорджио Нардонэ жаңаша шешім қабылдауға қатысты көптеген зерттеулер жасаған ғалым. Сол өзінің көзқарастарымен бөлісіп жүр.

Біз бір ғана шындықпен өмір сүріп дағдыланғанбыз. Бірақ біз мән бермейтін шындықтың түрі көп. Ол қадағалау нүктесінен осы нүктені қадағалауға жұмсалған құралдарға дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа өмірде жаңа шешім табуға әбден болады. Өмір шындығы оның келешектегі мүмкіндіктерінің өзгеруіне байланысты түрленеді.

Жаңа өмірде жаңа шешім қабылдағымыз келсе, өзгерістің тез орын алғанын қаласақ, өз түйсігіміздің шекарасынан асып, әлемді ескіше қабылдауды доғарып, еш шешімге жетелемейтін ой түйіндерден бас тарту керек. Болмысы бөтен шешім қабылдауға түрлі терапиялар көмектеседі. Ол терапиялар жоғарыда аты аталған ғалымның еңбектерінде кең айтылған.

Нардонэ ұсынып отырған тәсіл когнитивті психотерапияның манипуляцияға құрылған бір түрі. Ол сезіммен аз жұмыс жасайды. Көбіне әлемді суреттеумен айналысады. Адамның қалыпты ойлау жүйесінен ауытқуы үшін логикаға сүйене отырып түсініктерді алмастыру керек екен. Жаңа тәсіл көбіне елеске құрылады. Бірақ бұл елесті ғалым игілікке жұмсалады деп сендіреді. Бұл тәсіл клиенттің инсайтқа түсуіне себепші болады. Яғни, инсайт дегеніміз аяқ астынан көрмегенді көріп, басқа шындыққа көз жеткізу.

Алғашқы терапевтік ем кезінде пациенттің назарын ойға алған шешімнен басқа ойларға ауыстыруға басымдық жасалады. Емделуші психологиялық қақпандарға түсіп, манипуляциялар арқылы алғашқы өзгерістерге бой алдырған соң инсайтқа түседі. Ол осы уақытқа дейін мүмкін емес деп есептеп келген нәрсені өз қолымен өзгерткенін мойындайды. Яғни, манипуляция арқылы адам істей алмаймын деп жүргенін жасайды да, сосын оны түбегейлі ой елегінен өткізеді. Бұл жеңіс залалы жоқ алдаудың арқасында нәтиже берді.

Бұл тәсілдің көмекшілерінің бірі қабылдау стереотиптерін бұзумен ерекшеленеді. Оған қарапайым мысал арқылы қол жеткізуге болады. Тоғыз нүктені төрт кесіндімен қосу керек. Қарындашты қағаздан көтеруге болмайды. Яғни, бір сызықпен тоғыз нүктені төрт қабырғамен бекіту керек. Берілген шаршының ішінде отырып бұл есепті шығару мүмкін емес. Өмірдегі сияқты. Ескі ойлау дағдысындағы адамдар шеңберден шығу көзін таба алмайды. Себебі, ойлары шектеулі.

Нардонэ мынандай мысал келтіреді. «Бір бай өзінің 39 түйеден тұратын мұрасын төрт ұлына мына тәсіл бойынша мирас етеді. Үлкен ұлына жартысын, одан кейінгісіне ¼ бөлігін, одан кейінгі 1/8 бөлігін, ең кенжесіне 1/10 бөлігі қалсын депті. Мұны қалай бөлу керектігін ешкім білмепті. Сонда бір дана кісі келіп көмектеседі. Ол өзінің бір түйесін қосыпты да қырық түйені әкесінің мирасы бойынша бөліпті. Яғни, үлкеніне 20, одан соңғыға 10, одан кейін 5 және 4. Сосын өзінің түйесін алыпты да кетіп қалыпты».

Емнің соңында ғалым барлық қиындықтарды жеңудің жаңаша жолы бар екенін көрсетеді. Ал, пациент кез келген өмір қиындығын жеңу өз қолында екенін түсінетін болады. Алынбайтын қамал жоқ. Ниет болса. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Санаға сіңірсе. Адамның мүмкіндігі шексіз. Тек қалыпты дүниені өзгеше қабылдаса. Өзгеше қабылдауға да үйретуге болады. Нардонэның айтпағы сол. Әлеміңізді өзгерткіңіз келе ме?

Тек бір ескертетін жайт бар. Ескі қабылдаудың да маңызы, әлемнің ескі суреттерінің керектілері де болады ғой. Олармен қоштасуға дайынсыз ба? Қоштасудың құны соған тати ма? Таңдау әр адамның өз қолында.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *