Басты бет > Саясат > ЕРТЕҢ ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

ЕРТЕҢ ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Құрметті қала тұрғындары!

Шымкентте 2019 жылы 6 қыркүйек күні сағат 15:00-де Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз жастар мен бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жəрмеңке Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызмет Істері және Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтпек.

Онда Сіздерге қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан 1000-ға жуық жастар тәжірибесі бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар мен «Бастау бизнес» жобасы бойынша кеңес беріледі!

Өтетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №3. ҚР Мемлекеттік Қызмет Істері және Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті.

Медиаон ақпарат