Басты бет > Саясат > ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Нұрсат» шағынауданындағы қалалық перинаталдық орталық пен көпсалалы № 2 қалалық ауруханасының және қалалық перзентхананың жұмысымен танысты.

Медицина нысандарын аралап көрген қала басшысы өзекті мәселелер бойынша жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Ерлан Қуанышұлы №2 қалалық аурухана мен қалалық перзентханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жөндеу жұмыстарын ең алдымен перзентхана бөлімінен бастау қажеттігін қадап айтты. Ал, медицина мамандарына емделушілерге сауатты қызмет көрсетуді, ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл аударып, жіті бақылауда ұстауды міндеттеді. Сонымен қатар, денсаулық саласына еңбегі сіңген, өмірлік тәжірибесі мол білікті ардагер дәрігерлермен кеңесіп отыру үшін, ардагер-дәрігерлердің кеңесін құруды тапсырды.
Ауруханалардың жұмысымен танысу барысында әкім медициналық жабдықтардың қолжетімділігі мен жағдайына, пациенттердің денсаулығына, оларды емдеу шарттары мен қажетті дәрі-дәрмектердің болуына назар аударды.

Медиаон ақпарат