Басты бет > Білім > Еркін идея, еркін көзқарас, заңның күшіне деген сенім

Еркін идея, еркін көзқарас, заңның күшіне деген сенім

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ” атты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауы біздің отандастарымыздың, жастардың ең басты мәселелерін шешуге арналып, көпшіліктің сенім үндесінен шықты. Біз ендігі расымен де, еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Олай болса, заң мен әлеуметтің әлеуетін әлсіретер әлсіз олқы тұстардың нығайтылуы күллі Қазақстандықтардың атсалысуы арқылы жүзеге асады. Еркін идея, еркін көзқарас, заңның күшіне деген сенім- бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңіне саналы қадам деп білеміз. Президентіміздің осы жолдауы, өзі атап өткеніндей әлем мойындаған еліміздің даму жолын, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі арқылы жалғастыру екені сөзсіз. Бастысы бұл биліктің басты тұлғаының, ел алдындағы сайлау алды бағдарламасын деңгейілі түрде жүзеге асыруға бет алғандығын айқындап, уәденің орындалатындығын көрсетіп отыр. ”Өз азаматтарын” естуші мемлекет болу бұл зайырлы зияткерлік, пайымды парасаттылық алаңын ашу. Халықтың билікке деген сенімін арттыру деген осылай болуы қажет. Бастысы өз әдебиеті мен мәдениетін таныған тұлға қалыптастыруға деген ұмтылыс, тарих мен тағылымға құрметті тілге тиек еткен жөн. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру, жақын арада “Азаматтық қоғамды дамытудың 2025” жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу, мұның бәріне біздің қоғам расымен шөлдеп отыр. Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстарын бастау, біздің Түркістан облысының жастарына тікелей қатытысты тапсырма деп санаймыз . Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Олай болса, “Отырарда нағыз ұрпаққа ұлағат боларлық той” енді өтпек. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында, әсіресе жастар жадына дұрыс жағынан дәріптеуіміз керек. Ал келер жылды волонтерлар жылы деп жариялау, биылғы жылдың сабақты сәтке ұласуы. Ол дегеніміз жастар бойындағы жауапкершілікті арттыруға үлкен сеп болмақ. Волонтерлардың еңбегін бағалау, оларға өздерінің жұмысын қоғамға нақты ұғындыруға мүмкіндік туғызатын арнайы уақыт бөлу, келер жылдың артықшылығы деп сенеміз. Содан кейін барып, қазақстандықтар үшін ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды бірлескен қоғам еңбегі ретінде лайықты деңгейде іске асыра аламыз деп білеміз. Сонымен қатар, жалпы халықтық спортты дамыту бізге не береді? Салауатты ұрпақ, сапалы ұрпақ, бәсекеге лайық болашақ. Осы орайда Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы биыл, облыс көлемінде ”Turkistan- Jastar Qalasy ” жобасын жасап отыр. Жобаның мақсаты жастардың спорттық, шығармашылық өсуіне мүмкіндік туғызып, көше ойындары мен көше мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі Қазақстанның бар байлығы, бұл – келешек ұрпақтың қаржысы деп айтылғандай, келер ұрпақ тұрақты экономика мен шешімі бар әлеуметтік мәселелерді ғана көруі тиіс. Біз оны бүгін шешуге міндеттіміз . Елбасымыздың “Бақытты отбасы” бағдарламасы, қол жетімді баспана болып, жастардың әлеуметтік жағдайды ойлаудан арылып, табысты еңбек пен тың идеяға күш-жігер жұмсауына жұмылдырады. Олар елдің өркендеуі мен ғылымның кемелденуіне қызмет еткен болар еді. Оған дәлел Түркістан облысы аумағындағы қарқынды құрылыс жұмыстары, ел тарихындағы маңызды қаланың болашақта да “Жастардың қаласы болуға лайық” екендігі, мұнда қызметке келіп жатқан жастардың көптігінен байқалады. “Дипломмен ауылға” бағдарламасының келесі тынысын ашу мақсатында бөлінген 20 млрд қаражат, қазақтың қаймағы ауыл тынысын кеңейтер еді. Жас мамандар дипломын сандық түбіне жібермей, заман көшімен ілгері жүгіретін болады. Мәреге жеткенде нағыз маман боларына шек жоқ. Әрі “Ауылым-алтын бесігім” арнайы бағдарламасының да дамуына дара жол, дала баласының ауылға оралуынан басталар. Қаладағы шағын және орта бизнестің дамуы мен жастардың бизнеске араласуына, осы жолдаудағы “Бизнестің жол картасы” бағдарламасының жалғасуына жұмсалатын 250 млрд қаражаттың ықпалы мен пайдасы тиері даусыз. Біздер орталық тарапынан жастардың өз кәсібін ашу үшін бар бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып келеміз. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын! – деген, ел Президентінің сөзінен жас та, аға буын да қанаттануы тиіс. Қазақстандық қоғамға лайық,мәрмәр мотивация, нақ осы сөйлемде жатыр.

Береке ДҮЙСЕБЕКОВ, Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” басшысы.