Басты бет > Қоғам > Ерекше білім беруді қажет ететін орталықтың жұмысы қандай? Немесе бейғамдық пен салғырттықтың самалы — өңірдің аталмыш саладағы жетпей жатқан жетістігін, желкелеп тұрған жоқ па?!

Ерекше білім беруді қажет ететін орталықтың жұмысы қандай? Немесе бейғамдық пен салғырттықтың самалы — өңірдің аталмыш саладағы жетпей жатқан жетістігін, желкелеп тұрған жоқ па?!

3
views

Тілші сауалын билік пен сала мамандары қалай қабылдамақ?

Кезіндегі ОҚО-ның əкімі Ж.Т шырайлы Шымкенттің қақ ортасынан ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашқанын алты Алашқа жерден жеті қазына тапқандай етіп, салтанатты түрде 26 жылдан соң əйгілеп тұрып, əрлендіріп «Тұздыққа май қосқандай»-, қуанып тұрып жеткізгенді. Хош, құптарлық жайыт! Дегенмен көңілге көлбеу түсіретін нəрседе жоқ емес!

Сол кездегі ОҚО Статистика департаментінің мəліметіне сүйенсек: Шымкент қаласының өзінде 9000 мыңға жуық ерекше білім беруді қажет ететін жас жеткіншек бар болған. Оның ішінде 4000 мыңнан астам баланың физикалық мүмкіндігі төмен. Ал 672 бала мектепке дейінгі жастағы дамуында тежелуі бар, балдырған балалар санатында. Осы статистикадағы сандарды  сөйлетсек шенділердің шекпенін көтеріп жүрген шеркелердің шемішкідей шағылары сөзсіз… бұған қайта оралармыз! Ал əкім мырзаның өзі арнайы келіп ашқан бұл орталықтың қуаттылығы жылына 150 ғана баланы қамтамасыз етеді. Демек орын саны шектеулі дегенге саяды!

Арада неге сонша жыл өткеннен соң барып ғана өңірімізде кешігіп, орын санын шектеп тұрып былай ашудың кімге қажеттілігі бар?! Ал балалар қандай критерийлерге қарай таңдалады?

Балалардың өмірін жақсартып,  оларға əлеуметтік көмек көрсететін еліміздің сегізінші кабинеті талапты мемлекеттік стандарттарға сәйкес жұмыс жасай ма?

Осы сұрақтарды білмекке біздің редакцияның атынан жоғарыда аталған  орталықтың ашылуы мен жүргізілуін қамтамасыз ететін  «Дара» қоғамдық-қайырымдылық қорына бас сұққан болатынбыз. Алайда басшылардан ешкімді кезіктіре алмадық.

Қазіргі таңда редакция тарапынан мекеменің функциялары мен ережелерін білмекке, сұраныс хат əзірленіп, тиісті жауапты күтіп отырған жайымыз бар. Мақала хатқа ресми жауап берілген соң, жалғасын таппақ!

Сағындық Жанысбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *