Басты бет > Саясат > ЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ХҚКО-НА БАРМАЙДЫ

ЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ХҚКО-НА БАРМАЙДЫ

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Бұл тұрғыда облыс әкімі Ж. Түймебаев 9 қарашадағы «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында барлық мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің e–gov порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, электронды түрде алуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментіоблыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараты және    облыстық және аумақтық басқарма, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін арнайы 3 кезеңде электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша мастер класс өткізді.

Мұнда әрбір қатысушы өзімен бірге әкелген  ЭЦҚмен egov порталына кіріп, электронды  қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді.

Оқудан өткен азаматтардың барлығы өз аудандарындағы  және мекемелеріндегі әріптестерін электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.

Медиаон ақпарат

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.