Басты бет > Хабар > ЕЛ СЕНІМІН НЫҒАЙТҚАН «НҰР ОТАН»

ЕЛ СЕНІМІН НЫҒАЙТҚАН «НҰР ОТАН»

Картинки по запросу нұр отан

– «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Қазіргі таңда партияға деген ел сенімі нығайып, халықтың қолдауына ие болуы – партия бағдарламаларының нақты, мақсаттарының айқын екендігіне дәлел. Болашағы жарқын партияның біздің аймақтағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастап келеді.

35 мүшемен құрылған Түрген бастауыш партия ұйымы биылғы жылы партия мүшелерінің қатарын 607-ге жеткізді. Партияның белсенді, беделді мүшелері округ аумағына мемлекеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Жергілікті қауымдастықтың 63 өкілінің 50-і «Нұр Отан» партиясы мүшелері. Қай уақытта  болсын ел дамуының негізгі шарты – еңбек. Ал елдің өркендеуі – әр азаматтың еңбекқорлығына байланысты. Бұл орайда, өзім туып-өскен, бүгінде тыныс-тіршілігіне тіреу болып, басқарып келе жатқан Түрген округінде орын алған оң өзгерістер аз емес. Ауылда әрбір еңбекке жарамды азамат өз бойындағы қабілет-қарымына қарай жұмыс жасап, өзінің де, елдің де тұрмысын жаңғыртуға атсалысуда. Жыл басынан 14 орта және шағын кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, 69 тұрақты, 300 маусымдық жұмыс орны ашылды. 18 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды.   Мектеп бітіруші 64 түлектің 46-ы жоғары, 12- і арнаулы орта оқу орындарына түсіп, 4-і жұмысқа орналастырылды. Бастауыш партия ұйымы бастамасымен 4 айдың ішінде мүгедек, ата-анасынан бірдей айырылған тұл жетім Арыстан мен Ақеркеге асарлап тұрғын үй құрылысын бастап, биылғы жылы шатырын жаптық. Келер жылы қоныстойын атап өтуді жоспарлап отырмыз. «Кедергісіз келешек» жобасының нәтижесін әрбір мүмкіндігі шектеулі жандар сезінуде. Дегенмен, несие беруде кейбір қаржыландыру қорлары мен банктердің ішкі құжаттарында «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға несие берілмесін» деген талаптар кедергі болуда, сондықтан осы қарама-қайшылық жан-жақты қаралып, оң шешімін тапса деген ұсынысым бар.

– Қазақ халқында «Ынтымақты елдің – ырысы мол» деген даналық бар. Біз бүгінде тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халықпыз. Тірлігі жарасқан, бірлігі бақ ашқан елміз! Әрине ынтымақты ұран, татулықты ту ете білген халқымыздың кеңдігімен «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара, қимыл қосып келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз ерен деп білемін, құрметті «нұротандықтар!». Бүгінде бағыты айқын, жоспары нақты, мақсаты биік мемлекеттің болашаққа бастар әрбір қадамы қарышты болары хақ. «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асуы ел экономикасы мен халықты жұмыспен қамту мәселесіне айтарлықтай оң әсерін тигізуде.

ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасының өміршең, нәтижелі болуын «Нұр Отан» партиясына тапсырғаны баршаңызға аян. Шын мәніндегі халық партиясы сол халық үшін жасалған бағдарламаның жүзеге асуына жауапты болуы заңдылық.  «Нұр Отан» партиясы болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудағы басты шарттардың бірі ретінде спортты дамыту мәселелеріне баса назар аударып келеді. Сондықтан да бұл саланың дамуы мемлекеттің басты міндетіне айналып отыр. Біздің спортшылардың халықаралық біріншіліктерден жүлдемен оралуы дәлел. Тәуелсіздік жылдарында ондаған спортшы Олимпиада ойындарының алтын медалін иеленсе, одан екі есе көп спортшы әлем чемпиондығы және құрлық біріншіліктерінен жүлде олжалады. Соның бірі ретінде биыл Рио-де-Жанейро қаласында өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарын атай аламын. Халықаралық біріншіліктен біздің спортшылар әртүрлі деңгейдегі 18 медаль еншіледі. Солардың қатарында ауыр атлетикадан алған менің де қола медалім бар. Мемлекетіміз бен Президентіміз, жеңіс жолында біздерге қуат берген миллиондаған жанкүйер, жаттықтырушылар мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы ұстаздарым көрсеткен қолдау болмағанда мұндай жетістікке жетер ме едік, жетпес пе едік?! Жетістіктің бәрі де, ең алдымен, Жаратқан Құдайдың, содан кейін сіздердің көрсеткен сенімдеріңіздің арқасында. Ендеше әрбір спортшының басты арманы – халқының сенімін ақтау және жеңіс мінберіне Мемлекеттік Ту көтерілгенде шырқалған Гимннің астында басты тік ұстап, көкіректі кернеген қуанышқа марқаю. Чемпионның басты қасиеттеріне – Күш, Ерік, Рух, Патриотизм, Ерлік жатады. Сіздер барда бұдан да биік мақсаттарға қол жеткізіп, Қазақстан Республикасының Көк байрағын желбіретеміз.

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.