Басты бет > Саясат > Елін Сыйлаған Ерге Шүйліккен Кім? 

Елін Сыйлаған Ерге Шүйліккен Кім? 

Қазақстан Республикасы Ауған Соғысының Ардагері, Қызыл Жұлдыз Орденінің Кавелері, «Ел Бірлігі» Қорының Төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Түркістан Облысы Бойынша Төрағасының Міндетін Атқарушы Мұхтар Мұхамбетжанның Үстінен Қылмыстық  Іс Қозғалды.

Қызығы сонда қылмыстық іске қатысты айыпталушы М.Мұхамбетжанды мәжбүрлі түрде мойындату шараларын жүргізген көрінеді.  Шырайлы Шымкент қаласының прокуратурасы істі сотқа өткізіп жіберген.

Мұхтар Мұхамбетжанның айтуынша ол ешқандай 13 милион теңгені жымқырмағандығын және қатысы жоқ екенін айтады, айтыпталуының астарында саяси көз-қарасымның болуында дейді БАҚ өкілдеріне арналған брифингінде. Және ешқандай делелсіз-дәйексіз істің бұлай бірден сотқа өтуіне үлкен күмән келтіретінін айтады.

ОТАНДАСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ!

Былтырдан бері құқық қорғау органдарының  маған қарсы жала жауып, “қолдан коррупционер”жасау саясаты, ұсталмасам да”пара алу үстінде ұсталды” деп дүние жүзіне телехабар арқылы жалған мәлімет  таратуы, ол болмай қалған соң “қолдан ұры” жасап түрмеге тығу саясаты, өкінішке орай, тоқтамады. Осыған дейін үндемедім. Шыдадым. Заң бар, бітер дедім. Бітпеді. Маған жаламен жабылған айып бойынша ӘлФараби аудандық полициясы іс қозғады. Адвокатым жоқ кезде, ” осы қазір мойындамасаң, түрмеге жабамыз” деп қорқытып, мойындатты. Өтірік он үш миллион теңге  ақшаны жеген болдым. Бірақ, әлгі ақшасы “ұрланған” мекеменің бізде ондай ақша жоғалған жоқ деген хаты роль ойнамады. Адвокатсыз зорлап мойындату есептелмеді. Заңсыз берілген үйқамақ қаралмады. Арыздарымызды тексермеді. Прокуратура мұның бәрін “байқамай” , адвокаттарым таныспаған тірлікті Әл Фараби сотына өткізіп жіберіпті.  Міне, ертең сот. Сезіп отырмын, ертен мені түрмеге жаппақшы. Амалым қалмады.

Қазақстан Республикасының президенті Тоқаевтан

ҚР бас прокурорынан

ҚР Жоғарғы Сот Төрағасынан

ҚР парламенті депутаттарынан

Түркістан облысы әкімінен

Түркістан облысы депутаттар корпусынан

Партиялардан

Қоғамдық бірлесіктерден

Ардагерлер ұйымдарынан

Қазақстан халқы Ассамблеясынан

Блогерлерден

Қоғам қайраткерлерінен, қарапайым халықтан

Маған араша түсіп, заңсыздықпен мені  басып- жаншып жоқ қылу әрекетінен құтқаруларыңызды сұраймын дейді Мұхтар Мұхамбетжан.

Ал брифингкке бір сағат уақыт қалғанда Мұхтар Мұхамбетжан өзінің фб әлеуметтік желісінде:

https://www.facebook.com/mukhambetjan?fref=search&__tn__=%2Cd%2CP-R&eid=ARCSr06HTCewbtAbdp6-9aEqw1TM6rhz0V0zju6gLJ1QMQ5-crpnp0VVBGMUAjh0VxmpOYNuPBusE7zH

Аталмыш брифинг аясында  арнайы барып тікелей эфир желісінде ақпарат таратқан болатынбыз:

https://www.facebook.com/profile.php?id=100009328783939

Істің оңынан шешіліп, әділдіктің түбінде жеңіске жететініне сеніміміз мол!

Сағындық Жанысбаев

МедиаON ақпарат