Басты бет > Саясат > Еліміз экономиканы əртараптандырады

Еліміз экономиканы əртараптандырады

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.
Жолдаудың басты мақсаттарының бірі елбасымыздың саралы саясатын жалғастырып еліміздің экономикасын көтеру жəне мемлекетіміздің Орталық Азиядағы беделін одан əрмен арттырып, көшбасшы елге айналу. Қазақстан шикізатқа байланған менталиттен арылып, экономиканы əртараптандыратын болады.  Соның ішінде білім капиталына айрықша көңіл бөлінбек. Ұлт жоспарына сәйкес Қазақстан 2025 жылға қарай ішкі  өнімнің қуаттылғын 5% арттыруды көздейді. Экономиканың қуаттылығын арттыру үшін Үкімет пен президент əкімшілігі шетелдік сарапшылар мен елімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды қатаң бақылауда ұстамақ. Сонымен қатар жолдауда Елбасымыз ұсынған ұзақ мерзімді 2050 жылға дейінгі атқарылатын стратегиялық міндеттерді құрылымдық жүйе арқылы іске асыру жалғастырылмақ.
Президент өз сөзінде:
III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.
Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.
Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.
Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады.
Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.
Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.
Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.
«Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды.
Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз керек.
Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауға міндетті.
Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек.
Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.
Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз.

Алдағы уақытта шырайлы Шымкент қаласы президенттің Қазақстан халқына жолдауына байланысты экономиканы əртараптандыру үшін жұмыстар атқаратын болады.

Шымкент каласы Экономика жане бюджеттик жоспарлау баскармасынын басшысы

Мулкеманов Рахымберди