Басты бет > Саясат > Елбасы Шымкентке не үшін келді?!

Елбасы Шымкентке не үшін келді?!

285
views

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің үшінші қаласы саналатын шырайлы Шымқалаға іс сапармен келген болатын. Елбасы Шымкенттегі жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да ат басын бұрды.

«Shymkent» ӘКК төрағасы Рашид Аюпов үшінші мегаполисті цифрландыру жобалары туралы баяндады.

Білім беру жүйесінде білім беру сапасын жақсартуға және ашықтық қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған 4 жоба іске асырылуда. Бұл Indigo (Blockchain бағдарламасын пайдалана отырып, балаларды балабақшаларға автоматты түрде қабылдау), балаларды мектепке қабылдау бойынша Sakura жобасы,оқушылар арасында құқықбұзушылық санын азайтуға бағытталған I-mektep, t-hunter ( мұғалімдерді қабылдау бойынша).
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қазір медқызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша осындай бағдарлама әзірленуде.

Тағы бір сәтті іске асырылып жатқан жоба – «Damumed», ол мобильді қосымша арқылы дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және емдеу мекемесінде есепке тұруға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз қала»жобасы. Жоба аясында Зияткерлік қиылыстар саны 21-ге дейін артты. Қалада 479 бейнекамера орнатылған. Қазір Астананың тәжірибесі бойынша Шымкентте «Сергек» жүйесі орнатылуда.

«Қоғамдық көлік» жобасы — жоба аясында 2019 жылы 30 автобус электрондық билет жүйесімен жабдықталады. Сонымен қатар, 2019 жылдың бірінші тоқсанында 300 жаңа автобус, 2019 жылдың соңына дейін тағы 700 автобус сатып алу жоспарлануда.

ТҮКШ және АӨК саласында да жобалар бар. Сондай-ақ, қаланы басқару жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жоба жасалынған. Қазір үш бағытта жұмыс жүргізілуде: ақылды экономика, әлеуметтік сенім және АӨК бағалау бойынша модуль құру.

Сонымен қатар, мынадай жобаларды енгізуге жұмыстар жүргізілуде:
— MINDAL'[миндаль] — балаларға қосымша білім беру жүйесін кешенді автоматтандыру;
– МALAHIT [малахит] — инклюзивті балалар білім беру жүйесін кешенді автоматтандыру;
— SHANYRAK [шаңырақ] — мемлекеттік тұрғын үй қорын бөлу және басқару міндеттерін кешенді автоматтандыру;
— TEMIR [темір] — бюджеттік ұйымдарда кадрларды басқару міндеттерін кешенді автоматтандыру;
— AVALON [авалон] — бюджеттік ұйымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу;
— AXEL’ [аксель] — мемлекеттік органдардың ахуалдық және талдау орталықтарын автоматтандыру;
– STALKER [сталкер] — автоматтандырудың сервистік моделін қамтамасыз ету жүйесі
мемлекеттік қызметтер;
— BENDER [бендэр] — балабақшалар мен мектептерге арналған өз-өзіне қызмет көрсететін стационарлық дүңгіршек (терминал).

Start Up жобаларды жүзеге асыратын «Shymkent TechGarden» цифрлық орталығын құру жоспарда тұр.

Анықтама ретінде, Шымкент қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Астана қаласының 20 жылдығына орай ашылған. Жалпы алаңы — 6 600 шаршы метр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Мұнда тұрғындарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша қызмет көрсетіледі. Еске салайық, орталық Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында іске қосылған. Күнделікті 1600 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *