Басты бет > Саясат > Елбасы БАӘ вице-президентімен кездесті

Елбасы БАӘ вице-президентімен кездесті

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны бұдан әрі дамыту жайын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) мен Дубай қаласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығын тиімді басқару тұрғысынан Біріккен Араб Әмірліктерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығына, сондай-ақ DIFC пен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне тоқталды. Дубай әмірлігінің билеушісі бұл бағытта іс-қимыл орнатуға толық дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті исламдық қаржыландыру ісін дамытып, оны енгізуге айрықша үлес қосқаны үшін шейхқа алғыс білдірді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтың аяқталғанын, кейіннен көрме нысандары Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы үшін пайдаланылатынын айтты.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрін Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына шақырды.

baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.