Басты бет > Мәдениет > Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласының басты бағыттарының бірі, ескі мен жаңаның үйлесім табуын дәріптеу

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласының басты бағыттарының бірі, ескі мен жаңаның үйлесім табуын дәріптеу

Шымкент қаласының орталық “Отырар” кітапханасының ұйымдастыруымен 19 маусым Қала күніне орай Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, жазушы Еркінбек Тұрысов ақсақалмен саяхатқа шыққан белсенді жастар “Бәйдібек би” ескерткіші мен “Үш би” ескерткіші және “Данқ” мемориалы, т. б . қаланың көрікті жерлеріне барып, гүл шоқтарын қойған болатын. Мұндай іс-шара елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласының басты мақсаттарын жастар арасында мығымдайтыны сөзсіз. Аталған іс-шара көркем де көрнекті қазақ жазушысы, ғасыркөрген Еркінбек Тұрысовтың қатысуымен ерекшеленді. Ерекшелігі сол, жазушы көпке беймәлім тарихи тың деректермен таныстырды. Оның бірі – осыдан алпыс жыл бұрын қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовпен Шымкент қаласына саяхаттап, сұхбаттасып, өз ойларымен бөлісті.

Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады дейді ұйымдастырушылар. Себебі келешегі кемел елдің ғана рухы мықты, айбыны асқақ болмақ!

Медиаон ақпарат