Басты бет > Қоғам > Елбасымыз Қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады!

Елбасымыз Қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады!

© akorda.kz«Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар — бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі», — делінген құттықтау сөзінде.  Сонымен қатар құттықтауда Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалатыны айтылған. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл — еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі екені жазылған. «Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!», — делінген жарияланған құттықтау сөзінде.

МЕДИАОН ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.