Басты бет > Білім > Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында”Жомарт жүрек”қайрымдылық жәрменкесі өтті

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында”Жомарт жүрек”қайрымдылық жәрменкесі өтті

2017 жылғы 4 қараша күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала аясында “Жомарт жүрек” қайрымдылық жәрменкесі өткен болатын.

Жәрменкенің мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, жетім және тұл жетім, мүгедек жастарға жәрмеңкеден түскен қаражатты үйлестіріп беру еді. Жәрменкеге қаламыздағы кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен еді. Солардың бір шамасы: “Бал-Текстиль” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Ақ Нан” жауапкерішлігі шектеулі серіктестігі, “Наурыз пластик” жауапкерішілігі шектеулі серіктестігі, “Мадлен” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және орта арнаулы оқу орындары атсалысқан. Бұл шараға қолөнер шеберлері де өз үлестерін қосқан болатын.

Мүмкіндігі шектеулі он балаға қаржылай сыйлықтар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен Жұмабай Айша есімді қызға толықтай қысқы киімдері алынып берілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсібін ашуға да өз көмегімізді көрсетіп, тігін машиналарын алып беріп отырмыз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.