Басты бет > Мәдениет > Дәстүрлі өнер – жаһандану әлемінде» атты форум өз жұмысын бастады

Дәстүрлі өнер – жаһандану әлемінде» атты форум өз жұмысын бастады

12
views

Мәдениет және спорт министрлігі, Құрманғазы оркестрінің ұйымдастыруымен Алматыда «Дәстүрлі өнер – жаһандану әлемінде» атты форум өз жұмысын бастады.

Аталған форум күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Юнесконың 2018-2019 жж атаулы күндер тізбесіне етіп, Республика көлемінде тойланып отырған іс-шараның мақсаты – күйшінің мәңгілік мұрасын насихаттау.
Нұрғиса Дауешов, Құрманғазы оркестрінің директоры:
«Мәдениет және спорт министрлігің қолдауымен Құрманғазы оркестрі күйшінің 200 жылдық мерейтойына «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» Халықаралық фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль аясында бүгін І-ші Халықаралық «Дәстүрлі өнер – жаһандану әлемінде» атты форум өз жұмысын бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараға: Түріксой Халықаралық ұйымының Қазақстандағы директоры  – Асқар Тұрғанбаев, Анкара көркем өнер және музыка университетінің ректоры – Эрол Парлак, Құрманғазы атындағы Астрахан мәдени орталығының директоры – Амангелді Абулгазиев, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Айтжан Тоқтаған,  дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, PHD ғылымының докторы Амангелді Күзеубай,  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры – Арман Жүдебаев, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры, Құрманғазы Сағырбайұлына арналған 200 жыл толуына арналған «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты ғылыми экспедиция жетекшісі – Ерсаев Мирболат және де алыс жақын шет елдердің жетекші дәстүрлі орындаушылары, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Республикаларының өнер ұжымдары  және еліміздің «академиялық» дәрежесі бар оркестрлері қатысып пікірлерімен бөлісті. Форум қорытындысы негізінде жаңа жобалардың іске асатынына сенімдімін».
Асқар Тұрғанбаев, Түріксой Халықаралық ұйымының Қазақстандағы директоры:
«Түркі тілдес елдер құрған алғашқы халықаралық ұйым ретінде бүгіндері «түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деп танылған  ТҮРКСОЙ ұйымының негізгі міндеті – түркі тілдес халықтарының әлем мәдениетіне қосқан үлесін, мәдени мұраларымыздың ең озық үлгілерін алдымен өз халқымызға, яғни түркітілдес халықтарға, содан кейін барлық адамзатқа таныту және осы құндылықтарды келешек ұрпақтың санасына сіңіру. Қазақтың дәстүрлі күй өнерінің ең көрнекті өкілі Құрманғазы сағырбайұлының туғанына 200 жыл толу мерекесі құтты болсын. Ұлы өнерді ұлықтаған ұландар аман болсын. Форум қатысушыларына сәттілік тілеймін».

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *