Басты бет > Хабар > Дін мен толеранттылық

Дін мен толеранттылық

Бағдарламаның негізгі мақсаты жастардың қиын сәттерде дербес, жан-жақты салмақталған шешім қабылдауына қажетті сыни тұрғыда ойлау машығын қалыптастыру болуы тиіс.Осы білімдерді қолдана отырып, әлемдік дәстүрлі діндер мен радикалды діни ұйымдарды ажырата алады. Алға қойылған мақсат жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамытуға: арбау әрекеттеріне қарсы тұру мен залалсыздандырудың жеке мінез-құлықтық алгоритмін қалыптастыруға, адамгершілік және этикалық құндылықтары бар, отаншылдық пен толеранттылықты қалыптастыратын әлемдік және дәстүрлі діндердің, дәстүлі емес діндердің негіздерімен танысуға ықпал етеді. Мұндай бағдарлама барысындағы сабақ кезінде бағдарламаға қатысушылар радикалды діни ағымдардың «тобыры мен пайғамбары» ролінде, сол сияқты деструктивті діни арбаушылықты залалсыздандырудың қарапайым және тиімді тәсілдеріне жаттыға алатын еді. Сондықтан жастардың радикалды діни ағымдарына тәуелділікті қалыптастыруға не ықпал ететінін білген маңызды. Ең жақсы қорғаныс – оны көре алу мен айыра білу қабілетінің болуы. Жастар мен тәжірибесі жоқ азаматтар осындай ағымдармен бетпе-бет келгенде тығырыққа тіреледі. Олар өз қатарластарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Психологиялық шиеленіс арта түседі, тіпті олардың кейбірі кездейсоқ шешім қабылдайды. Біреулері үйден кетіп қалса, енді бірі өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Әртүрлі жолдармен сектаға тартылған көптеген жас уақыт өте келе өз таңдауы үшін өкіне бастайды. Бірақ қателікті түзету қиынға соғады. Діни секталардың жетекшілері түрлі тәсілдермен (физикалық күш көрсету, психикалық қысым жасау т.б.) оларды қатарынан шығармауға тырысады.

Медиаон ақпарат