Басты бет > Хабар > Дін – кереғар ағымдарға қарсы!

Дін – кереғар ағымдарға қарсы!

Тілек білдіргендер үшін радикалды діни ағымдардың есігі қашанда ашық. Алайда олар үнемі өз мүшелерінің құқығын бұзады, оларға «сананы бақылау» деп аталатын белгілі бір тәсілдерді қолдану арқылы зиян шектіреді. Әсіресе, қатарларына жаңадан қосылған жастарды жасырын түрде ерекше бақылайды. Олардың тексеру тесті мен бағасы, басқа да өзгерістері арнайы журналдар мен картотекаға тіркеліп отырады. Қазақстанда бүгінгі күні діни сенім бостандығы жарияланған. Әркім қай дінге сенемін десе де, өзі таңдайды. Бірақ ең бастысы – ол адамдарды психологиялық жағынан жарымжан етпеуі, адамдардың тағдырын жарға жықпауы керек, оларды елдің мемлекеттік саясатына қарсы қоймауы тиіс. Жастарды радикалды діни ағымдардың ықпалында кетірмеу мақсатында облыстық  прокуратура тарапынан ҚР Конституциясының және «Діни сенім бостандығы, сонымен қатар діни бірлестіктер туралы» Заңы үнемі  БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мұндай мәселелер діни сауатсыз, ысылмаған жастар көбіне шахид рөлін орындайтын діни экстремизм мен терроризмнің белең алуы салдарынан пайда болды. Экстремистік көзқарастағы адамдар қызметіндегі проблема. Ал экстремизм – бұл кез келген діни оқытудың бұрмалануы. Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиалды мемлекет. Біз жастардың дін жағынан сауатсыз екенін мойындауымыз керек. Мектептер мен жоғары оқу орындарында әлемдік және дәстүрлі діндердің шіркеулеріне, соборларына, мешіттеріне жиі экскурсия жасау ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Сол сияқты «Дінтану» курстарын жаппай енгізу қажет. Себебі, дәл қазіргі кезде жастардың діни және рухани мәселелері «қолдан қолға көшіп» жүр. Рухани мәселе бүгінгі күні жаттықтыруды, шынықтыруды қажет етеді. XXI ғасыр жастарының жаны мен рухы арасына үлкен жарықшақ түсті. Дәл қазір жаппай технологияланған және интернетке оңай қолжетімді кезеңде адам санасы шыңдалмаған субстанция ретінде көрінді де, сол ысылмаған санасына жүгінген жастар теріс жолға түсіп жатады. Ал жан  бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармауға шақырамыз.

Медиаон ақпарат