Басты бет > Қоғам > Дін – адамның дүниетанымы

Дін – адамның дүниетанымы

Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия.Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар  жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние  неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен  қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның  санасында  біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға  болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік  пен әділетсіздік, зұлымдық пен  қайырымдылқ дегеніміз не деген  сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды. Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі  мен дамуы  туралы  кең көлемді  көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы  орны  жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады. Дүниеге көзқарас   адамзат санасының , дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің , ой мен сезімнің , көңіл – күй  мен мақсат – мүдденің , үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының  бірігуі болып табылатын дүниегекөзқарас адамдардың  дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.  Дүниегекөзқарас дегеніміз  шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс — әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен. Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік – тарихи типтеріне мифология  мен дін  жатады. Мифология – адамзаттың  рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда бастамасы,  діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф ( аңыз , ертегілер )  сананың  әлі жіктелмеген біртұтас  формасы болды. Мифология (  гректің mifos — аңыз , ертегі және logos — ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан ) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Эпос , ертегі , аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне — әдебиетіне, музыкасына, сурет – мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Мифология  қойып  кеткен бұл дүниегекөзқарасты сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолы екіге айырылды.  Дін —    дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де     дүниегекөзқарастың  қоғамдық тарихи  формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың  санасы мен мінез құлқына  ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір – бірінен айырмашылықтары  да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.

Медиаон ақпарат