Басты бет > Мәдениет > Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы

Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы

Философиялық пайымдауға  ақыл – ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған бұрынғы уақытта  өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл – ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез – құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі – үш ғасырда ғана философиялық  көзқарас, зерттеулур кеңінен  тарай бастады. Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы  көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның  орнын білім мен ақыл – ой  тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой – пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді  біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген  дүниегекөзқарастық  ой – пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен  рөл атқарып келеді. Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабыл-дай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Медиаон ақпарат