Басты бет > Мәдениет > Діни ілім философиялық ілімге айналмайды

Діни ілім философиялық ілімге айналмайды

Дін өктемшіл, ол адам зердесіне белгілі бір «зердеден тыс» қағидаларды тықпалайды. Философияда рационалдық үрдістердің дамуы оның теологиямен (құдайылық іліммен) – құдайдың мәні және іс-әрекеттері туралы ілімді негіздеудің діни-философиялық жүйесімен шұғыл жік ажыратуына әкелді. Мұны бірқатар ойшылдар (Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Рассел және басқалар) жүзеге асырды. Алайда құдай болмысын дәлелдеу, діни догматтарды рационалды негіздеу міндеті қойылған кезде дін философиямен етене жақындаса түседі. Мұндай міндет қою діни философияның құрылуына әкеледі. Алайда бұдан діни ілім философиялық ілімге айналмайды: оның өзі емес, оны негіздеу философиялық болып шығады. Философия мен діннің арақатынасын мынадай сызбада ұсынуға болады: Әртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті. Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы мүмкін. Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.

Медиаон ақпарат