Басты бет > Хабар > Дінді дәстүрден, дәстүрді діннен бөліп қарауға болмайды

Дінді дәстүрден, дәстүрді діннен бөліп қарауға болмайды

Дінді дәстүрден, дәстүрді діннен бөліп қарауға болмайды, себебі, қазақ халқының салт-дәстүрлері дінмен өте тығыз байланыста болғандығын осы келтірген мысалдардан аңғарамыз. Қазақ халық ауыз әдебиетінде көтерілген дінге қатысты тақырып XIX ғасырда қазақ ағартушы демократтарының жазба әдебиеттерінен де үлкен орын алғанын айта кету керек. Дінге қатысты халықтың еркін қиялынан туған шығармаларға белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов ерекше мән берген. Шоқан тек ислам діні емес, діннің басқа түрлеріне де терең талдаулар жасаған. Осы секілді Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды ғалымдар мен жазушылар өз шығармаларында дін туралы тақырыптарды арқау еткен. Мәселен, Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына көз жүгіртсек «Дін», «Қисық қабырға», «Неке қияр», «Айт» сынды тақырыптағы туындыларды кездестіруге болады. Ал дінді өздеріне тап құралы ретінде билеуші топтардың қаскөйлігін Абай тек өлеңмен емес, асыл ойлы өткір сөздерімен де түйреген. Олардың мал мүлікке, байлыққа табынған арам ойларын беттеріне басқан. Абай шығармасында: «Байлар өзінде жоқты малмен сатып алады. Көңілдері көкте, Көздері аспанда. Адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, ешнәрсе малдан қымбат демейді» – дейді. Діннің ең қауіпті кеселді жағы біреуді кәпір, біреуді мұсылман деп ұлт араздығын тудыру саясатын қоздыру еді. Абай да бұған соққы берді. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да бәрі орыста зор…Орыстың тілін білсең, көкірек, көзің ашылады…Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» – деген. Келешегіміз жарқын болу үшін, жас ұрпақ өткенді, ата-баба мұрасын білуі қажет және салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жоғалтпай сақтап, заман ағымына қарай жақсы жетілдіріп отырсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Медион ақпарат