Басты бет > Хабар > Денсаулық сақтау саласын оңтайландыру бағдарламасы оң нәтижесін беруде

Денсаулық сақтау саласын оңтайландыру бағдарламасы оң нәтижесін беруде

«Шымкент қалалық ауруханасы» МКК – ң құрамына өтіп Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесі» 2018 жылы 30 қаңтардағы ОҚО әкімінің қаулысы негізінде ШЖҚ «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» болып қайта жасақталды. Жаңартылған медициналық мекеме қысқа уақыттың ішінде толықтай ақылы қызметтен түскен қаражаттың есебінен жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа заман талабына сай техникалармен жабдықталды.

Амбулаторлық хирургия орталығы Шымкент қаласы және облыс тұрғындарына келесі мамандықтар бойынша амбулаторлы – емханалық бығыттағы медициналық көмек көрсетеді: жарақаттану, хирургия, оториноларингология, урология, проктология, бет-жақ хирургиясы, антирабиялық қызмет бөлімшесі.

Сондай – ақ емдеу мекемесі клиникалық – диагностикалық және бактерологиялық зертханамен жарақталған. Мұнда тәулігіне 250 науқас қабылдауға мүмкіндік бар. 30 орынға есептелген күндізгі стационарлық бөлімшесі мен АХО – ға тиесілі тәуліктік шұғыл медициналық көмек көрсететін 2 жарақат бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар үй не жабайы жануар тістеген жағдайда науқастарға үздіксіз көмек көрсетілетін тәуліктік рабиология бөлімшесі қызмет көрсетеді. АХО базасында облыстық жарақаттануды ұйымдастыру – әдістемелік орталығы құрылған. Орталық «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» құрамына өткелі көптеген өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аурухана толық модеринизациялаудан өткізілді және бұл іс одан әрі дамуда. Күндізгі стационар бағытындығы жұмыстарды жақсарту мақсатында, аталған бөлімдегі науқастардың сапалы ем қабылдауы үшін ПИТ палатасы медициналық талаптарға сәйкестендіру мақсатында толық (заманауи үлгідегі ИВЛ құралы, отадан кейінгі науқастарға арналған көп функционалды төсек орын, қатты және жұмсақ инвентарь) қамтылды. Бөлімше аумағында науқастардың ағымын бір дұрыс жүйеге келтіру мақсатында мекемедегі барлық кезек электрондық жүйеге көшірілді және дәрігер көмегіне жүгінгуге келген азаматтар мен оларды күтушілерге арнайы ынғайластырып кезек күту залына қосымша ғимарат соғылды. Осыған дейін науқастар қысқа ыңғайсыз дәліздерде кезек кутуге мәжбүр болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қолдауымен алдағы уақытта 20 орындық жарақаттан кейінгі ерте оңалту жұмыстарын жүргізуге бағытталған бөлім ашу жоспарлануда.

Шымкент қаласының Қазақстанның «үшінші мегаполисі» аталуына байланысты бір миллион тұрғыны бар қала аумағына орталықтандырылған Антирабиялық қызмет бойынша мамандандырылған тәулік бойы қызмет көрсететін бөлімше жасақталды. Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесінің ғимараты және №1 жарақат бекетінде толықтай қайта ағымдық жаңарту жұмыстары жүргізілді, жұмсақ және қатты инвентарьмен қамтылды. Негізгі зертхана жаңынан жаңа ғимарат соғылып қосымша бактериялогиялық зертхана жасақталды. Алдағы уақытта хирургиялық бейіндегі науқастарға жасалатын оталарды бір күндік стационар тәртібімен жасауды қолға алып, дамыту жүзеге аспақ. Сондай–ақ Шымкент қаласы бойынша жарақаттанулардан кейінгі науқастарға ерте реабилитациялық шаралар жүргізу жағы қолға алынады. Антирабиялық қызмет бойынша мамандар дайындау оқу-әдістемелік шараларын жүзеге асыратын орталық ұйымдастыру көзделген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.