Басты бет > Саясат > Бәйдібек ауданы әкімдігінен “МедиаON” агенттігіне жауап хат келді

Бәйдібек ауданы әкімдігінен “МедиаON” агенттігіне жауап хат келді

«МедиаON» Республикалық ақпараттық,

құқықтық, сараптамалық агенттігінің

директоры-бас редакторы

М.Абдалиеваға

2018 жылдың 26 тамыз күні «МедиаON» Республикалық ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің сайтында «Бәйдібектен хат келді» атты тақырыпта жарияланған материал бойынша төмендегіні хабарлаймын.

Бәйдібек аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі басшысының орны мақалада көрсетілгендей біраздан бері бос тұрған жоқ. Бос жұмыс орындарының арнайы ережесіне сәйкес кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Бірінші кезекте Бәйдібек аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі басшысының бос жұмыс орнына ішкі конкурс жарияланып, оған ешқандай үміткер азаматтар құжат тапсырмағаннан кейін қайтадан жалпы конкурс жарияланған. Бүгінгі күнге жарияланған (жалпы конкурс) Бәйдібек аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі басшысының бос жұмыс орнына мақалада жазылған «Әзірге білгеніміз арнайы сұрап, конкурсқа құжат тапсырған тек осы маман екен», – деп аталған бөлімді бұрын басқарған Т.Досалиев не болмаса басқа да азаматтар құжат тапсырған жоқ.

Т.Досалиев 2010-2016 жылдары Бәйдібек аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі басшысы қызметін атқарған кезінде ауданда құрылысы жүргізілген Өтешов, Өтемісұлы жəне Шаян ауылындағы №1 мектеп-интернаты мен «Комсомол» мектептеріне сапалы жүргізілген құрылыстарына ОҚО бойынша тексеру комиссиясының бақылау актісімен оң қорытынды берілген.

«Майбұлақ орта мектебінің едендері шіріген», – деп мақалада жазылған мәлімет бойынша аталған мектептің аяқталған құрылысы 2009 жылы ОҚО бойынша тексеру комиссиясының бақылау актісімен оң қорытынды берілген. Ал Т.Досалиев 2009 жылы Майбұлақ мектебі пайдалануға берілген кезде аталған бөлімді басқармаған.

Т.Досалиев Бәйдібек аудандық құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі басшысы болып 2010 жылдың 21 қыркүйегінде тағайындалып, отбасылық жағдайға байланысты өз өтінішіне сәйкес 2016 жылдың 16 наурызында атқарып отырған қызметінен босатылған.

2017 жылдың 03 наурызынан бастап Т.Досалиев «Бәйдібек Су» МКК-ның директоры болып қызмет атқарып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.