Басты бет > Білім > Бәйдібек ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз мәресіне жетті.

Бәйдібек ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз мәресіне жетті.

23
views

Фото Асана Жамалбека.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, еліміздің барлық өлкелерінде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Аталмыш игі шарадан Бәйдібек ауданындағы мешіттері де тыс қалмады. ОҚО. Өкілдігінің тапсырмасы аясында барлық мешіттерде акция өз жалғасын табуда. Осындай қайырымдалық акциялардың бірі бүгін «Накыпбек әуен,Ақбастау, Сейдулла-ата» мешіттеріінде де өткізілді Үрдіске айналған қайырымдылық акциясы аясында Бәйдібек ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және жалғыз басты аналардың бүлдіршіндері сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларға материалдық қолдау көрсетілді. «Накыпбек әуен» мешітіннің Бас имамы С.Байниязов бүлдіршіндерді алда келе жатқан Құрбан айт мерекесі және Білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Фото Асана Жамалбека.Сонымен қатар «Ақбастау» орталық мешітінің имамы Н.Молжігіт қатысып, білім және қайырымдылықтың исламдағы ерекшеліктері жайлы уағыз-насихат айтты. Акция барысында Бәйдібек ауданында тұратын 100 оқушыға тиісті оқу құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкесі берілді . Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.Оқушылардың мектепке баруына демеушілік жасаған Т.Исхахов,А.Балғынбаев.М.Нуртаевтарға жиналған көпшіліктің айтар алғыстары шексіз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *