Басты бет > Хабар > Бұзақылықпен оқ атқан!

Бұзақылықпен оқ атқан!

2019 жылдың 9 сәуір күні Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында М.Мирзаходжаевқа қатысты айыптау үкімі оқылды.

Сотталушы М.Мирзаходжаев 2018 жылдың 9 қыркүйегінде Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан дәмханада жәбірленуші Д. және К.-мен ұрысып, оларға бағыттап өзімен бірге заңсыз сақтап және алып жүрген суық қаруынан бұзақылық ниетпен оқ атқан. Бұл сот өткізіліп жатқан кезеңде анықталды. Нәтижесінде жәбірленуші К.-ның денсаулығына жеңіл жарақат түсіп.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2- бөлігі және 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен М.Мирзаходжаевқа 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және іс пробациялық бақылауға алынып отыр.

Сот жаза тағайындау кезінде жәбірленушілердің сотталушымен татуласқанын және оған бас бостандығынан айыруға қатысты емес жаза түрін тағайындау туралы өтініштерін ескерді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Осы орайда айыпталушы әлі апелияциялық сотқа арыздана алады.

С.Жанысбаев 

Медиаон ақпарат