Басты бет > Саясат > Бітімге келгендіктен әкімшілік жауаптылықтан босатылды

Бітімге келгендіктен әкімшілік жауаптылықтан босатылды

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы М.Ю.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік  ісі қаралған болатын.

Істі қарау кезінде  М.Ю.  2019 жылдың 13 ақпан күні 10 сағат 30 минут шамасында Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесінің бойында орналасқан «021 Studio» мейрамханасының алдында азамат А.И.- ға денсаулығына зиян келтіріп,  жеңіл дәрежелі ұрып-соғу іздері анықталған.

Сот талқылауы барысында тараптар арасында дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісімге келуді жариялады. Тараптар ойлана келе медиациялық тәртіппен істі тоқтатуды қалады. Яғни екіеуіде бір-бірінен кешірім сұрап, матриалдық-моральдық шығындарды өтеуге келісті.

Соттың 12.03.2019 жылғы қаулысымен М.Ю. жәбірленушімен татуласқандықтан жауаптылықтан босатылып, әкімшілік істің өндірісі тоқтатылды.

С.Жанысбаев

Медиаон ақпарат