Басты бет > Саясат > Біртілек ауылдық округі, Шұқырсай ауылы тұрғындарының бір топ өкілдері Қ.Абдуалиевке өтінішпен келді

Біртілек ауылдық округі, Шұқырсай ауылы тұрғындарының бір топ өкілдері Қ.Абдуалиевке өтінішпен келді

Фото Сарыағаша Аудан Әкімдігі.Аудан әкімі Біртілек ауылдық округі, Шұқырсай ауылы тұрғындарының бір топ өкілдерін қабылдады. Аудан басшысы Қ.Абдуалиев Шұқырсай ауылы тұрғындарының мектеп салу мәселесі бойынша және әлеуметтік жағдайлары жөніндегі өтініштерін тыңдап, бүгінгі күні Шұқырсай ауылында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Шұқырсай ауылында бүгінгі күнге дейін 1 медпункт жұмыс істеп келген, биылғы жылы 0,25 га жерге ФАП салу үшін сәулеттік жобалық тапсырыс (АПЗ) құжаттары дайындалып рәсімделуде.Фото Сарыағаша Аудан Әкімдігі.

Балабақша мәселесі ауылдық округ бойынша 1 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр, соның ішінде 1 жекеменшік балабақша Шұқырсайда орналасқан. Ауыл тұрғындары табиғи газбен, ауыз сумен толық қамтылған, биылғы жылы электр жарығына 5 көшеге электр бағаналарымен электр желілерін толық тарту жұмыстары атқарылуда. Оған қоса 2 шақырым орталық көшеге жолаяқ және жарықтандыру үшін сметалық құжаттары жасалынды. Мәдениет, спорт мектеп мәселелері алдағы он күн ішінде тиісті бөлім басшылары, ауыл билері ақсақалдармен мен біргелікте Шұқырсай ауылына барып мектеп құрылысы үшін жері анықталып арнайы талқыланатын болды.

Медиаон ақпарат

Сарыағаш ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.