Басты бет > Мәдениет > Бірлік бар жерде – тірлік бар

Бірлік бар жерде – тірлік бар

Фото Ассамблееи Юги.Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында өңіріміздегі 20 этномәдени бірлестік пен олардың аудан, қалалардағы филиалдарының төрағалары бас қосты.

Фото Ассамблееи Юги.Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Қалмұратов жүргізіп отырған жиында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмысты одан әрі жандандыру жайы сөз болды. 

Фото Ассамблееи Юги.
Басқосуда облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили мемлекеттік этносаясатты жастар арасында түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта оқу орындарында құрылған «Достық» клубтарымен бірлесе атқаратын жаңа жобаларды іске асыру жайы ортаға салынды. 

Фото Ассамблееи Юги.
Ал, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пактың өңірімізде бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан этностардың тілі, мәдениеті, дәстүрлері күнін бірге өткізу жөніндегі ұсыны жиынға қатысушылардың қолдауына ие болды.
Этнос жастарының өңіріміздегі тарихи орындарға саяхатын жалғастыру, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен шет елдермен мәдени-экономикалық байланысты нығайту, қайырымдылық шараларына белсене қатысу жайы да пысықталды.

Фото Ассамблееи Юги.
Айта кету керек, облыстық этномәдени бірлестіктер Елбасының бағдарламалық мақаласын қолдау бағытында бүгінге дейін 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.