Басты бет > Мәдениет > Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан–теңіз.

Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан–теңіз.

Тәрбие ана құрсағынан басталып–ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. Бүгінде жарты әлемнің ғалымдары мойындаған көшпенді мәдениетінің әлемдік өркениетте ықпалы, үлесі жайлы ойласақ, қазақ халқының ұлттық ұстанымы, түсінік–танымы, салт–дәстүрі, өмір сүру қағидалары еріккеннің ермегі емес екеніне толық көзіміз жетер еді. Салт–дәстүрлер тек қана тәлім–тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделіп отырған. Ол туралы кеңінен таратып айтуды біздің бұл шағын мақаламыз көтермейді.Мәселен, аруақты сыйлау туралы бір ғана сөзбен тоқталсақ, бұл жерде мәселе марқұмның жетісі, қырқы, жылын атап мал союда емес, мәселе – ағайын туыс, құда – жегжатқа көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда. Ойлап көріңізші, кісісі өліп қаралы болған туысына, досына Атыраудан – Алтайға, Қызылжардан – Қызылордаға, Баян – Өлкеден – Баянауылға келетін кім? Ол – Қазақ. Топырақ салысуға үлгерейік, немесе жетісінде бет көрісейік, қырқына барамыз деп, бет көрмесе мынау тірлікте өзін кінәлі сезінетін халық кім? Сол біздің–Қазақ. Өлімнің артын күтудің өзі –Қазақ үшін бірлік пен берекенің, ұят пен ардың нышаны. Ендеше арыдан ойлар болсақ, осылардан айырылсақ біртұтас халқымыздың елімен жерінің тұтастығына сызат түспей ме!Сондықтан барлығы бір өлшеммен бір нәтижие беруі қажет!

Медиаон ақпарат