Басты бет > Білім > Біздің негізгі мақсатымыз – экспорттық әлеуетті дамыту

Біздің негізгі мақсатымыз – экспорттық әлеуетті дамыту

47
views

Шымкентцемент зауытында Қазақстандағы Америкалық сауда палатасының (АСП) қатысуымен, шетелдік инвестициялар бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде АСП Қазақстан бойынша координаторы И.Ишмухамбетов, Deloitte Touche Tohmatsu Limited компаниясының өкілі О.Кириловская мен А. Токпаева тақырып аясында сөзге шықты. Сонымен бірге дөңгелек үстелде ОҚО бойынша шетелдік компаниялардың өкілдері, оның ішіндеRixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің бас менеджері Ибрахим Челик, “ПК”АГФ групп» ЖШС-нің директоры Бартли Майкл, «Исламский банк «Al Hilal» АҚ директоры Динара Кенжебаева және «ОҢТҮСТІК» АИО төраға кеңесшісі Нурбек Ачилов пен «Ырыс» МҚҰ-ның директоры Данияр Арынғазин қатысты. Дөңгелек үстелде негізгі салық туралы заңдағы өзгерістер, халықаралық салық салу, сонымен бірге шетелден инвестиция тарту мәселелері қаралды.

ОҚО ірі жобаларына шетелден инвестиция тарту мәселесі бойынша нақты пікір алмасу мақсатындаDeloitte компаниясының өкілдерімен жеке «Оңтүстік» АИО мен «Ырыс»МҚҰ басшылары өз ғимаратында кездесті.Компанияның қызметімен таныстыру барысында «Оңтүстік»АИО Басқарма төрағасының орынбасары Т.Абильдинов орталықтың тек кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландырумен ғана емес,олардың кәсібін дамыту мақсатында шетелдік инвесторларды тартумен де айналысатынын жеткізді.

— Біз аймаққа жеке және шетелдік инвесторларды тартуға құлықтымыз. Ондағы мақсат –жаңа жобалардың ашылуына ықпал ете отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу.Осы ретте, өнімді экспорттау үшін халықаралық байланыстар жолға қойылмақ. Біздің негізгі міндетіміз – аймақтың экспорттық әлеуетін көтеру, — деді ол.

Өз кезегінде Deloitte Халықаралық компаниясының өкілдері шетел инвесторларын тартумен қосқанда толыққанды қызмет түрлерін көрсете алатынын жеткізді. Оңтүстікке инвестиция тартуға дайын инвесторлар еншілерінде бар екенін айтты. Қонақтар компанияның осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен танысып, өз қызығушылықтарын жасырмады. Енді тараптар өзара ынтымақтастық негізінде бірлескен түрде жұмыс істеуге уағдаласа отырып, кездесу соңында екі жақты өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *