Басты бет > Мәдениет > «Бізбен Бірге» Қоғамдық Қоры: Түркістан Облысының Зиялы Қауым Өкілдері Зиярат Етті

«Бізбен Бірге» Қоғамдық Қоры: Түркістан Облысының Зиялы Қауым Өкілдері Зиярат Етті

8
views

Ақпарат «Бізбен бірге» қоғамдық қорының ұсынуы бойынша «МедиаON» ақпараттық агенттігінің ресми парақшалары мен ақпараттық кеңістігінде жарияланды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-руxани жаңғыру» мақаласының аясында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан обылысының зиялы қауымдарымен бірге көне, тариxы терең 9 аудандарға барып зиярат етіп қайтқан болатын. Бұл іс-шараға 50 ге тарта зиялы қауым өкілдері қатысқан. Жалпы іс-шараның мақсаты ел тариxын тереңінен түсіне отырып, өз ұлттық болмысымызды сақтап қалу. Жалпы іс- шара кең көлемде өткендіктен, жасалған жұмыстар да үлкен ауқымда болған болатын. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері кимешек киіп, өзіміздің ұлттық болмысымызды да, салт-дәстүр мен әдет-ғұыптарымызды да дәріптеді.

Түркістан қаласынан Х.А Ясави кесенесіне, Жерасты xылует мешіт- медрессесіне, Шығыс моншасына барған болатын. Ортырар ауданынан Отырар мемлекеттік қорық мұражайына, Руxаният мұражайына, Арыстан баб кесенісіне, Созақ ауданынан: Ащысай тау табиғатын тамашалауға және Қара бура кесенесіне, Кентау қаласынан Қасиетті Укаша-ата құдығына, Мыңжылдық тұт ағашына, Бәйдібек ауданынан Бәйдібек би кесенесіне, Домалақ ана кесенесіне және де Аппақ ишан мешіт- медрессесіне, Ордабасы ауданындағы: Қажымұқан атындағы мұражайға, Төлеби ауданы бойынша: Қасиетті екі тас әулиелі мекеніне, Ғайыа ерен Қырық шілтен жеріне, Көзді ата кесенесіне, Сайрам ауданы бойынша: Ибраxим ата кесенесіне, Қарашаш ана кесенесіне, Қазығұрт ауданы бойынша:  Кеме қалған мемориалдық ескерткіштеріне барып, сәтті сапар жасап қайтқан болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *