Басты бет > Білім > «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті.

«Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті.

 Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і нің ұйымдастыруымен «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті. Түсірілуінің негізгі мақсаты: фильм студенттік өмірді көрсететін туынды, жастар арасында кездесетін көптеген қайшылықтар мен қиындықтарға бірден берілмей, оған қарсы күресуге шақырып, жастарға өмірлік тәлім-тәрбие береді.

Аталмыш фильмде «Майдангерлер», «Hello ауыл», «Өмірдің өзі новелла – 1», «Өмірдің өзі новелла-2», «Жанұя» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаған Оңтүстіктің актрисасы – Азиза Түлкібаева, «Өтелмес борыш», «Әпке», «Көке» телесериалы, «Жастық шақ», «Келін», «Тағдыр оққысы», «Майдангерлер», «Айти молодец», «Ерлік» фильмдерінде басты және екінші рөлдерді сомдаға актриса – Береке Спатова және Бағлан Жолдасов, Абай Әбдіұлы, Ұлан Мықтыбек, Нұрдос Насырла, Жүсіп Ақшора ойнайды.

Фильм жастар арасында суицидтің, ертежүктіліктің алдын алу және оңтүстіктің туризмін насихаттау бағытында мелодрама жанрында түсірілген. Фильмнің жалпы ұзақтығы 1:05 сағат.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.