Басты бет > Білім > Береке Талғатұлы Дүйсебеков басқа қызметке ауысты

Береке Талғатұлы Дүйсебеков басқа қызметке ауысты

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” басшысы Береке Талғатұлы Дүйсебеков басқа қызметке тағайындалуына байланысты, облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысы қызметінен босатылды.

Береке Дүйсебеков орталық басшысы қызметінде 2 жарым жылдан астам уақыт еңбек етіп, Оңтүстік жастарының қоғамдық-әлеуметтік өмірінің өңін келтіріп, жаңа бастамаларына жаңаша тыныс ашқан болатын. Сонымен қатар Түркістан тарихындағы айтулы зерлі оқиғаның бастамашысы һәм қолдаушылары қатарында , жаңа облыстың бүгінгі мен болашақ келбетінің алғашқы кірпішін қалауға аттанған жастардың “Ұлы  көшін” тарихи ордаға бастап келді.

Құрметті Береке Талғатұлы!
Түркістан облысы мен Оңтүстік жастарының жаңа буынын  қалыптастырудағы батыл-креативті шешімдеріңіз бен үнемі ізденістен тұратын, орталыққа сіңірген еңбегіңіз үшін, өңір өрендері мен жастары атынан алғыс айтып, даңғыл әрі дара жолыңызға өрлеу мен табыс серік болсын дейміз!
@d.bereke