Басты бет > Мәдениет > БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОТЫРАРДА

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОТЫРАРДА

31
views

 Отырар ауданындағы бірқатар әлеуметтік және тарихи нысандарды аралап, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен танысу мақсатында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен пресс-тур ұйымдастырылды.
Сапар барысында тілшілер Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен Шәуілдір елдімекеніндегі «Қобыз бен Домбыра» композициясымен танысып, жаңадан бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді.  Алдағы уақытта, заманауи үлгіде салынған кешенде дзюдо, самбо, қазақ күресінің кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаңдары өз сайыпқырандарын баптайтын болады. Осы орайда,  жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлде иегері, отырарлық Жолдасбек Бектұрсынов  бұқаралық спортты дамытуда спорт кешенінің маңызы зор екенін жеткізе келе аудан спортшыларына қолдау білдіріп, келешегіне кемелді із сала білген аудан басшысына алғысын білдірді.

Биыл  Отырар ауданы тұрғындары үшін коммуналдық мәселенің түйіні тарқатылған жыл болмақ. Оған себеп, облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудан халқы биылғы жылы табиғи газбен 30 пайыз қамтылады.  Қарқынды түрде үш елдімекенде жүріп жатқан көгілдір отын құбыр жолының жұмысын көріп,  тынымсыз тірлікті бағамдаған журналистер елдімекен тұрғындарымен де сұхбаттасып, қуаныштарымен бөлісті. Газдандыру мәселесі  әр жыл сайын кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жүз пайыз көгілдір отынмен қамту нақты  жоспарға алынған.  Сондай-ақ, тұрғын үй мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Егемендіктің ширек ғасырлық тойында Қоғам ауыл округі Мыңшұқыр елді мекенінде облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қатысуымен 180 пәтерлі көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің құрылысы жүруде.
Ал, кәсіпкерлік саласының жандануы мақсатында еңбекке ниеттілерге барынша мүмкіндік берілген. Мәселен, аудан орталығындағы «Жанға шипа» медициналық орталығын Отырардан түлеп ұшқан кәсіпкер Құтымхан Төлемісов ашқан. Қазіргі таңда, 15 қызметкерді жұмыспен қамтып отырған аталған медициналық орталық дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы  қызметтерін ұсынуда.
Сонымен қатар, ауданда «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесі жанынан «Күндізгі қатынау бөлмесі» ашылған болатын. Қазіргі таңда, 22 бала үйде арнаулы әлеуметтік қызметінен күндізгі қатынау бөлмелеріне ауыстырылған. Бөлмелер жұмсақ төсек-орындар және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аталған мекемеден ем алушы балалардың ата-аналары аудан әкіміне шынайы алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ,  мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпкерлік нысанның бірі — «Ағысай» тігін шеберханасы. Шеберхана иесі Ержан Құлтаев нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 7 млн. теңге несие алып, «Ағысай» тігін шеберханасының жұмысын бастаса, қазіргі күні  4 адамды жұмыспен қамтып, жергілікті тұрғындардың жеке тапсырыстарын қамтамасыз етуде.
Отырар ауданында  26 мектепке дейінгі мекеме болса, оған қоса мемлекеттік-жекеменшік 6 балабақша балаларға тәлім-тәрбие беруде. Соның бірі, жеке кәсіпкер Жабатаева Ләззат Келдібекқызының  демеушілігімен салынған 100 орындық «Келдібек ата» бөбекжай-балабақшасы. Аталған балабақшада жергілікті 23 адам жұмыспен қамтылған.
Бұқаралық ақпарат өкілдері  Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарымен де танысты. 2017 жылы басталған Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстары биылғы жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жағалауды ретке келтіру
бұзылып бара жатқан арнаны түзеп,  жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын жөнінде  Отырар ауданының басшысы  Ерлан Қуанышұлы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Отырар ауданы — ауылшаруашылық саласы бойынша ілгері дамыған аудан. Алайда, мұндағы топырақтың сорлануы мен ауа — райының қолайсыздығы шаруаларды біраз әбігерге салғаны белгілі.  Осы орайда, аудан әкімінің бастамасымен Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия институты ғалымдарымен бірлесіп, ғылыммен ұштастырып егін егу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Нәтижесінде, шаруалар өнім көлемін арттырып, тәжірибенің тиімділігіне көз жеткізді. Қазіргі уақытта аудандағы 7 ауыл округінде орналасқан 117 шаруашылықтың жалпы 3000 гектар аумағында топырақты зерттеу жұмыстары жүруде. Осы орайда, «Ынтымақ» шаруақожалығының жұмысы таныстырылып, тыныс-тіршілігі кеңінен әңгімеленді.
Тарих пен шежіреге бай ауданға қызығушылық танытқан  туристер саны да жыл сайын артып келеді. Өңірдегі туристік кластерді дамыту маңызды мәселелердің біріне айналған. Тарихи «Отырар төбе» қалашығы мен Арыстан баб кесенесі аралығындағы жол бойына салынатын құрылыс нысандары мен абаттандыру жұмыстарының жобасы келушілерге ыңғайлы жағдай жасауға арналған. Аталған орындардағы тың серпінге толы игі  істермен танысқан қонақтар  Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін де аралап, құнды жәдігерлерді тамашалады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *