Басты бет > Хабар > «Бақытты отбасы» анықталды

«Бақытты отбасы» анықталды

8
views

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «9 қыркүйек – Отбасы күніне» орай облыс көлемінде «Бақытты отбасы» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау жас отбасылар арасында интеллектуалды және спорттық сайыс бағытында жүргізілді.

Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды құрметтеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасыларды жан-жақты насихаттай отырып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облысымыздағы ынтымақтығы мен бірлігі жарасқан жас отбасыларын халыққа танытып, қатысушы жас отбасылардың қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатысуына мүмкіндік жасау.

Сайыс барысында қатысушылар «Менің отбасым», «Не? Қайда? Қашан?»- атты интеллектуалды сайысы, «Капитандар сайысы», «Арқан тартыс» атты спорттық-эстафеталық кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Нәтижесінде 1 орынға – Сайрам ауданынан келген Ибрагимовтер отбасы, 2 орынға – Отырар ауданынан Есенбековтер отбасы, 3 орынға – Қазығұрт ауданынан Ахметовтер отбасы ие болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар теледидар, ноутбук, планшет пен электротолқынды пештер және алғысхаттармен марапатталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *