Басты бет > Мәдениет > Бақшамыз жеміс-жидекке толы!

Бақшамыз жеміс-жидекке толы!

8
views

Түркістан облысы климаттық жағдайы жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Облыста жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің барлық егіс көлемі – 30 мың гектарды алып жатыр. Оның ішінде жеміс – 19,5 мың гектар, жүзім – 10,5 мың гектар құрайды.

         Ағымдағы жылы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, қосымша 0,94 мың гектар қарқынды бау, 0,57 мың гектар жүзім, 0,207 мың гектар жаңғақ егілді. Жалпы облыс бойынша қарқынды баудың көлемі – 3,7 мың гектарды құрайды.     

         Айта кетерлігі, ағымдағы жылы 85 мың тонна жеміс-жидек және 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып, бүгінгі таңға 76,8 мың тонна жеміс-жидек пен 22,6 мың тонна жүзім жиналды. Жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жиналған өнімдер негізінен республиканың аймақтары мен көрші мемлекеттерге жөнелтілуде.

         Жалпы, бау шаруашылығынан түсетін табыс мақта шаруашылығымен салыстырғанда 2,5 есе, ал бақша шаруашылығымен салыстырғанда 2 есе артық болатындықтан бау шаруашылығын өркендету ісі облыста қарқын алып, алдағы уақытта қарқынды баудың егіс көлемін 10 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *