Басты бет > Саясат > БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БІРҚАТАР МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БІРҚАТАР МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Исабек Нұрдәулет Еркінұлы облыстық Бейнелеу өнері музейі мен Түркістан сарайы​ концерттік ұйымына, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы мен облыстық​ опера және балет театрын, А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасын аралап, мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты аталған мекеме қызметкерлерімен тілдесіп, жұмыс барысымен танысқан басқарма басшысы Түркістан қаласына көшу мәселелері және алдағы жоспарлар, жас мамандармен жұмыс жүргізу, мәдениет және өнер ұжымдарының шығармашылық ізденістерін арттыру, жан-жақты біліктілікті қамтамасыз ету, тәжірибе ауқымын кеңейту бойынша пікір алмасып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Соның ішінде, шығармашылық қызметкерлерінің өз ісіне жауаптылығы, дайындық жұмыстарының жүйелілігі, еңбек уақытын тиімді пайдалануы мен күнделікті жұмыс уақытын толықтай мекеме мақсаты үшін​ атқаруы жөнінде қатаң ескертулер жасады.
-“Алдағы уақытта арнайы ескертуден тыс кез-келген мәдениет және өнер мекемелері, кітапхана мен музейлер, мәдениет үйлері және клубтармен танысу жұмыстары барлық мәдениет және өнер ұжымдары мен аудан, қалаларда жалғасатын болады”,-деді Нұрдәулет Еркінұлы.
Сондай-ақ, облыстық опера және балет театрының  М.Төлебаевтың “Біржан Сара” операсын тамашалаған басқарма басшысы ұжым қызметкерлеріне сәттіліктер тіледі.

Медиаон ақпарат