Басты бет > Жастар > Балмаржан Нарбекова: ЖАСТАРЫМЫЗ ЖІГЕРІН ЖОҒАЛТПАСЫН!

Балмаржан Нарбекова: ЖАСТАРЫМЫЗ ЖІГЕРІН ЖОҒАЛТПАСЫН!

Сағындық Жанысбаев

Фотода Балмаржан Нарбекова

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған жылдардан бері өскелең ұрпақтың болашағына үлкен үмітпен қарап, жастарға үнемі қолайлы жағдайларды арттырып келеді. Бүгінде қазақстандық жастардың бейбіт өмірде, әлемнің кез келген мемлекетімен терезесі тең дәрежеде өмір сүруіміз осының айғағы болып табылады.

Облыстағы жастардың саны – 762 124 адамды немесе облыс халқының жалпы санынан 26,8 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде: ерлер – 389 045, әйелдер – 373 079. Тұрғылықты мекені бойынша қалалық жерде – 333 212 (43,7%), ауылдық жерде – 428 912 (56,3%) көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Облыс бойынша 12 жоғары (4-уі мемлекеттік, 8-і жекеменшік) және 91 орта арнаулы оқу орындары (42-і мемлекеттік, 49-ы жекеменшік) бар. Жалпы студенттер саны – 116 220, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 65 559 (оның ішінде күндізгі бөлімінде 44 860 студент), кәсіптік-техникалық колледждерде – 70 855 жас білім алуда. Мемлекеттік грантта оқитындар саны – 12 165. Шетелден келіп, білім алып жүрген жастар саны – 1353. Жоғары оқу орындарындағы жатақхана саны – 23. Жатақханаға орналасқан жастар саны – 6 мыңнан астам адам. 1109 жас әскерге аттанса, мүгедектер саны – 34 426.

2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 282,8 млн. теңге (оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа – 103,3 млн. теңге), республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Облыстық, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарына – 241,9 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас тартылды. 2016 жылы 1350 жас «Жасыл ел» еңбек маусымында жұмысқа тартылып, оның ішінде 570-і аудан, қалаларда көгалдандыру жұмыстарына, 780-і Шымкент қаласындағы 4 мердігер компаниясында еңбек лагерлерінде жұмыс жасады.

2017 жылға республикалық бюджеттен 63,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 1275 жас сарбаз кезең кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылу жоспарланса, маусым айында 205 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 128-і Шымкент қаласында, 77-сі аудан, қалаларда еңбек етуде. «Жасыл ел» еңбек лагерлеріне тартылатын жастардың басым бөлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының және Шымкент аграрлық колледжі студенттері болса, аудан, қалаларда көбінесе жұмыссыз жас азаматтар тартылуда. Олардың орташа еңбек жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде (оның 50 пайызы республикалық бюджеттен, 50 пайыз жұмыс беруші мекемеден төленеді). Бұдан өзге жазғы еңбек лагеріне қатысушы жастарға арнайы киім футболка, бейсболка, жазғы шалбар мен күртеше және аяқ киім берілуде. Бүгінгі таңда аудан, қалалардың арасынан Кентау, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Шардара, Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарында жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.

Жазғы студенттік құрылыс отрядтарын ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда облыстағы 11 аудан, қалалардағы салынып жатқан құрылыс нысандарына 424 жұмыссыз жас тартылса, М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан 200-ге жуық студентуниверситетке қарасты Қазығұрт ауданы мен Түлкібас ауданындағы арнайы индустриялдық аймақтарда өндірістік практикадан өтуде.

Жалпы облыстағы 12 жоғары оқу орындарының 6-ында кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын 1106 студент облыстағы 64 кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларда өндірістік практикадан өтуде. Жалпы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруда басқарма тарапынан көптеген жұмыстар ұйымдастырылуда. Солардың бірі барлық аудан, қалалардағы орталықтар жанынан құрылған «Еріктілер мектебі». Бұгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар. Олардың тікелей қатысуымен жыл басынан бері 300-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жазғы суға шомылу маусымының басталуына орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес аптасына 3 рет арнайы мамандармен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тек мамыр-маусым айларында облыс бойынша 500-ге жуық суға шомылатын аймақтар нақтыланып, оларда 300-ден асам ерікті жастар суға шомылу техникаларымен алғашқы жәрдем көмектері негіздері бойынша 5 мыңнан астам азаматтарға түсіндіру жүргізді.

Сондай-ақ, 10 мыңнан астам үнпарақтар таратылып, 215 су белгілері жазылған тақтайшалар (суға шомылу қауіпті, су қорғау аумағы және т.б.) арнайы орындарға ілінді. Бұдан өзге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 150 ерікті жас барлық талаптар бойынша толық даярлықтан өтіп, 30-маусым мен 1 тамыз аралығында қызмет көрсететін болады. Жалпы қатысатын еріктілердің 100-і Шымкент қаласынан, 37-сі Түркістан қаласынан, 8-і Кентау қаласынан, 5-уі Мақтарал ауданының жастары. Бұған қосымша 10 жас ерікті резервте дайын.

Қазіргі уақытта «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы АҚ байланыс орнатылып, еріктілердің көрсететін қызмет түрі мен орны, жататын орны нақтыланып, 30 маусым күні Астана қаласына аттанып, 1 шілдеден бастап ЭКСПО-ға келуші қонақтарға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетуде.

Облыс бойынша жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5356 спорт ғимараттары (соның ішінде: білім беру мекемелерінде – 3942) жұмыс жасайды. Өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша спорт ғимараттары 178 бірлікке артты. Аталған спорттық нысандарда 212 621 жас спортпен шұғылдануда, оның ішінде маргиналды жастар қамтылған.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, көше спорттын дамыту және маргиналды жастарды осы спорт түріне тарту мақсатында арнайы «ШымкентФест» және «Street Workout» жобалары іске асырылуда. Атап айтқанда, наурыз-сәуір айларында облыс әкімдігі мен прокуратураның бірлескен «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында «Street Workout» көше спорты түрінен 3 облыстық турнир ұйымдастырылды. Турнирге 500-ге жуық жастар қамтылды. Қазіргі таңда облыста 29 «Street Workout» көше спорттық алаңша (Шымкент қаласында – 8, Арыс қаласында – 5, Мақтарал ауданында – 12, Ордабасы ауданында – 1, Төлеби ауданында – 1, Түлкібас ауданында – 2) ашылып, жастардың пайдалануына берілді. 2017 жылдың аяғына дейін қосымша Шымкент қаласында – 2, Сарыағаш ауданында – 9 «Street Workout» көше спорттық алаңшаларын салу жоспарлануда.

Биылғы жылы облыстағы жалпы білім беретін мектептерді 33 мыңнан астам оқушы, жоғары оқу орындарды 15 мыңнан астам, колледждерді 13 мыңнан астам жас бітірді. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлердегі 25 жоғары, 30 кәсіптік колледждерге 5 мың мемлекеттік грант бөлінуде. Оның ішінде 700 грант колледждерге, 4300 жоғары оқу орындарға бөлінуде. Бүгінгі таңда мектеп бітіруші түлектермен, олардың ата-аналарымен 63 кездесу өткізіліп, 10 мыңнан астам адам қатысты. Бағдарлама бойынша құжаттар шілде айының 20-нан кейін қабылданатын болады. Колледждер үшін облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында, ал жоғары оқу орындары үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында қабылданатын болады.

Жастардың жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруын қалыптастыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. 80 тармақтан тұратын жоспардың мамыр-маусым айларында 43-і орындалса, басқарма мен «Оңтүстік туризм» мекемесі арасында меморандум түзіліп, «Туған жер» бағдарламасы аясында аптаның әр сенбі күні облыстағы аудан, қалалардағы тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда 500-ден астам жас экскурсияға қатысса, тамыз айында 50 жасқа Астана қаласына 3 күндік экскурсия ұйымдастырылатын болады.

Жазғы каникул кезінде білім беру мекемелерінің қала сыртындағы 22 сауықтыру лагеріне – 28829, мектептер жанындағы 1836 лагерлерге – 200845, республикалық және шетелдік лагерлерге – 15000, жоғары оқу орындарының 2 лагеріне – 1300 жас, басқарма тарапынан ұйымдастырылатын 8 лагерге – 1300 жас, ал спорт басқармасына қарасты «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру лагеріне – 400 жас спортшы, барлығы 247,6 мыңнан астам жас қамтылады.

Арнайы кәсіп ашуға ниетті 130 жастардың жобасын қаржыландыру бойынша телевизиялық жоба әзірленіп, 12 меценат кәсіпкерлерді тарта отырып, жобаны қаржыландыру іске асырылады және үздік 1 жобаға облыс әкімінің 1 млн. гранты берілетін болады. Жастар саясаты бойынша 1 қыркүйектен бастап барлық салалық басқарма басшыларына мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы бойынша жергілікті телеарналар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылады. «Жас сақшы» жобасы аясында ағымдағы жылғы тамыз айында ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығымен бірлесіп 500 ерікті жасқа арнайы 5 күндік оқу-жаттығу ұйымдастырылмақ. Оқу-жаттығудан өткен жастарға облыстық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, арнайы куәліктер, униформа таратылып, учаскелік полицияларға көмекші ретінде жұмыс жасаса, 2018 жылы жасақтың санын 1000-ға көбейту жоспарланған.

Ағымдағы жылғы шілде айының екінші жартысында Түркістан қаласында «Түркі дүниесі жастарының өнер универсиадасы» ұйымдастырылатын болады. Оған Түркі тілдес 6 мемлекет пен Қазақстанның жастары өнердің 9 түрі б

ойынша өзара бақ сынасып, жастар саясатын дамыту бойынша пікір алмасса, 30 маусым — 2 шілде аралығында облыспен көршілес Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарымен және Ташкент қаласының жастарының қатысуымен «Көршілер» жас көшбасшылар форумы ұйымдастырылмақ. Форум аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың жас көшбасшылармен кездесуі өтетін болады.

Бұдан өзге, әлеуметтік желілерде арнайы ЮТУБ-каналдар арқылы ақпараттық бейнероликтер мен плакаттар таратылып, әлеуметтік желіні пайдаланатын барша жастарға түсінікті тілде ақпараттар таратылуда. Жалпы, осы бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру арқылы өңірдегі жастар саясатын дамытудың жүйесін қалыптастырып, қарқынды жұмыстар атқарылатын болады.

Балмаржан Нарбекова,
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.