Басты бет > Жастар > Балмаржан Нарбекованың ұйытқы болуымен “Болашақ – білімді жастардың қолында” атты жас мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-лагер өткізілді

Балмаржан Нарбекованың ұйытқы болуымен “Болашақ – білімді жастардың қолында” атты жас мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-лагер өткізілді

22-23 маусым күндері Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының “Алматау” демалыс аймағында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған екі күндік семинар – лагері өткізілді. Айта кететін жайыт,  облыстық Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың басшысы Балмаржан Нарбекованың ұсынысы бойынша ұйымдастырылған. Жалпы мемлекеттік қызметшілер күні облысымызда кең көлемде аталып өтіліп жатыр. Мерекеге байланысты ұйымдастырылған семинардың мақсаты: мемлекеттік қызметшілер күнін кеңінен атап өту және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру. Семинар – лагерде сонымен қатар байқаулар ұйымдастырылып, үздік деп дараланғандары облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Семинар барысында қатысушылар тақырыптық, топтық конкурстарға қатысып, тәжірбие алмасты. Бұл шараға жалпы саны 100 ге жуық жас мемлекеттік қызметшілер мен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының үздік жас мемлекеттік қызметшілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото Әсета Әссанди.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың басшысы Балмаржан Нарбекова

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.