Басты бет > Саясат > Байлар да жылайды: еліміздегі қалталы азаматтардың күнкөріс бағасы қымбаттап кеткен

Байлар да жылайды: еліміздегі қалталы азаматтардың күнкөріс бағасы қымбаттап кеткен

 Қалталы азаматтар үшін өмір сүру күн өткен сайын қиындап барады. Қазақстандық бай-бағландардың күнкөріске жұмсайтын ақшасы өткен жылмен салыстырғанда биыл екі есе көп болып шықты деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ranking.kz әртүрлі табыс деңгейі бар адамдар тобы үшін баға индексін құрастырды.

Аз қамтылған қазақстандықтар үшін инфляция деңгейі айтарлықтай төмен болып шықты. Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі тұтынатын азық-түлік тауарлары мен әл-ауқаты төмен тұрғындарға қызмет көрсету бағалары 3,4%-ға өссе, бай-бағландар үшін қыркүйек айында азық-түлік және басқа тауарлар мен түрлі қызметтер жыл басынан бері 5%-ға көп болды.

 

Жалпы азық-түлік бағасы қарапайым қазақстандықтар үшін 2%-ға қымбаттаса, қалталылар үшін — 5% өскен.

 

Биылғы жылы ең бай адамдар үшін бензин 8,8% -ға, маталар 7,4% -ға және автокөліктер 7% -ға қымббатағаны анықталды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.